Шығыс Қазақстанда 25 см қар жауды

/uploads/thumbnail/20250905183831590_big.webp

Шығыс Қазақстан облысында 25 см қар жауды. Аймақта қыркүйек айында көп бола қоймайтын табиғи құбылыс болған. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Мамытек маңында қар жауған.

"Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Инспекторлар аумақты бақылауды күшейтіп, табиғатты қорғау шараларын тұрақты қадағалауда. Мәметек мекенінде қардың қалыңдығы 20–25 см", дейді парк қызметкерлері. 

Связанные теги :

Связанные Статьи