“Аңыз адам” Жарылқап Қалыбайға шұғыл көмек қажет!

/uploads/thumbnail/20250908100311387_big.webp

Журналист, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай "Аңыз адам", "Жұлдыздар отбасы" журналының бас редаторы Жарылқап Қалыбайға көмек керегін хабарлады. 

"Пәле 2014 жылы Путинді Гитлермен салыстырып шығарған журнал санынан басталды. Ұзаққа созылған соттасулар, одан кейін журналды таратпау мақсатындағы экономикалық қысымдар оны қаржылай шығынға батырды. Соған қарамастан, журналдар бес жыл бойы шығып тұрды. Ақыры жабылды, табыс көзі үзілді. Бірақ ол қаламын қолынан тастаған жоқ, әлеуметтік желі арқылы халықты саяси-ағарту жұмыстарымен шұғылданды. Нұрбиліктің әділетсіздіктеріне қарсы тұрды. Әділдік пен шындық үшін күресті. Талай жылғы талас-тартыс оңай емес, іштей депрессияға түсті. 2019 жылы ковидпен ауырып, әрең аман қалды. Қазір мүгедектігі үшін тағайындалған жәрдемақыға қарап отыр", – деп жазды журналист Рысбек Сәрсенбай. 

Жарылқап Қалыбайға онкологиялық ауру – бауыр обыры (ГЦК – гепатоцеллюлярлі карцинома) диагнозы қойылған. Ол бір жылдан астам уақыт әртүрлі ем алып көрген. Алайда ауру асқына берген. 

"Екі мини-операция жасатты. Нәтиже болымсыз. Қазақстан,Түркия, Индияда емделіп көрді. Есесіне, дәрігерлік шешім анықталды. Жарылқап қанша қашса да құтылмады. Бауыр транспантациясын жасатпаса болмайды. Осыған дейінгі диагностика мен емге қыруар ақша кетті. Отбасы қаржысы таусылды. Күрделі операцияны Оңтүстүк Корея онко-хирургтарының жасауына сенім көрсетті. Операция және операциядан кейінгі кезеңнің шығынына 250 мың доллар керек", – деді қоғам белсендісі.

Көмек көрсетемін деген қайырымды азаматтар үшін төменде арнаулы банк шоты ашылды.

АО Kaspi Bank

CASPKZKA

Карта нөмері: 4400430225762233

Теңгемен.

АҚШ долларымен:

KZ40722C000024985182

Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы.

Каспи голд телефоны: +77014410244.

Связанные теги :

Связанные Статьи