Кәрім Мәсімовтің пышағы мен қылышы аукционда сатылды

/uploads/thumbnail/20250916170001425_big.webp

Электронды сауда алаңында ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі екі жәдігер суық қару – қылыш пен пышақ сатылды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

16 қыркүйекте қайтарылған активтерді басқару компаниясы сотталған экс-шенеуніктің мүлкінің бір бөлігін саудаға шығарды.

Электронды сауда алаңында мына заттар сатылды: түрлі түсті эмальмен және сүйек әшекейлерімен көмкерілген қынға салынған қылыш. Оның бастапқы бағасы – 453 мың теңге. Сондай-ақ ағаш сапты, сары металдан жасалған қынға салынған пышақ 182 мың теңгеге бағаланған. Сауда қорытындысында қылыш 385 286 теңгеге, пышақ 155 281 теңгеге сатылды.

Бұған дейін елде Мәсімовтен тәркіленген мүліктердің сатылып жатқаны хабарланған болатын.

Связанные теги :

Связанные Статьи