"Бей-жай қарауға болмайды": Тоқаев Ғазадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20250924110901432_big.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында Ғазадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Президент дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн деп санайтынын айтты. 

"Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен Украина айналасындағы дағдарысқа алаңдаулы. Дегенмен аталған қақтығысты тоқтату үшін екіжақты және халықаралық деңгейдегі дипломатиялық күш-жігерді жалғастырып, қос мемлекет ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін саяси икемділік көрсетуі керек", деді Тоқаев. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы Газадағы гуманитарлық дағдарысқа бей-жай қарауға болмайтынын айтты. 

"Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы тіпті қорқынышты. Оған бей-жай қарау мүмкін емес. Бұл қақтығыстың тарихи тамыры тым күрделі. Біз осы жауласудың түпкі себебін ескерусіз қалдыра алмаймыз. Қазақстан әскери іс-қимылды дереу тоқтатуға, бейбіт тұрғындарды толық қорғауға және халықаралық гуманитарлық құқық аясындағы көмектің кедергісіз жетуін қамтамасыз етуге шақырады", деді президент. 

Связанные Статьи