Ресей билігінің шешімі бойынша Қазақстан территориясында спортты онлайн –ресурстар қатары бұғатталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 305 info медиа- порталына сілтеме жасай отырып.
Тыйым салынған сайттар спортты жарыстардың пиратты трансляциясымен айналысады. Бір қызығы тыйымды Қазақстан билігі емес, ресейлік инстанция қабылдап отыр.
livetv.sx сайтының бұғатталғанына бірнеше күн болды, тікелей режімде ең ірі спортты жарыстарды транслияция жасайтын интернет –ресурстың бірі болатын.
livetv.sx сайтын қазақстандық интернет –қолданушылары бірнеше күн болды осылай көріп жүр
Бұғатталудың себебін қолданушыларға айтатын «біртекті реестрді» қараған болатынбыз. Онда — "Роскомнадзор" деп тұр:
Естеріңізге салсақ — sx доменінің Ресейге ешқандай қатысы жоқ, бұл Нидерландиялық Антиль аралдарының ұлттық домені. Дегенмен Роскомнадзор шешімімен қазақстандықтар спортты интернет –каналды көру мүмкіндігінен айырылды.
Бірақ, Роскмонадзор тыйымды барлық қазақстандықтарға салмаған. Интернетке қолжетімділік қызметін көрсететін операторларға байланысты, мысалы бір қолданушылар үздіксіз livetv.sx көре алатын болса, басқалар оның бұғатталғанын көреді. Солардың бірі ID Net абоненттері кіре алмайтын қолданушылар қатарында болса, Q.net қолданушылары «пиратты» көрсетілімдерді тәулік бойы көре алады.
Бәріне кінәлі операторлар!
Аналогті оқиға tv-online24.net. сайтыменде үздіксіз болып тұрады. Дегенмен, бұл ресурсты бұғаттан ресейлік қадағалау ұйымдары әрдайым шығарып тұрады.
«Роскомнадзордың» Қазақстан интернет–кеңістігін қандай негізде басқаратынын анықтау үшін Қазақстан ақпарат және коммуникация Министрлігіне хабарласқанбыз.
— Біз көрсетілген адрестерді тексердік, , — деп айтты 365info медиа –порталына министр хатшысы Арсен Бектасов.— Біздің министрлік тарапынан олардың бұғатталуы жүзеге аспады. Және сіздер көрсеткен проблема операторлардың жұмысымен байланысты. Хабарламаларыңыз үшін алғыс білдіреміз. Біз бұл мәселеге қатысты оператормен жұмыс жасаймыз.
Қанша анықтағымыз келгенімен, Роскомнадзор тыйымдарының қазақстан интернет – қолданушыларына таралып кету себебін анықтай алмадық.
Оставить комментарий