Талдықорғанда ірі көлемдегі героин тәркіленді

/uploads/thumbnail/20170709233149607_small.jpeg

Талдықорғандық тәртіп сақшылары ірі көлемдегі героин партиясын тәркіленді деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жолы сөмкесінің түбіндегі құпия қалтаға 1,5 келі есірткі затын салып алып, облыс орталығында тайраңдап жүрген шетел азаматы қолға түсті. Талдықорғанға Алматыдан келген қылмыскер ТМД елдерінің бірінің азаматы болып шықты. Оның біздің елімізде бұрын сотталғаны да анықталды. Есірткі бизнесімен айналысып, оңай жолмен ақша тапқысы келген шетелдік уақытша қамап ұстау изоляторына тоғытылды.

Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол ірі көлемдегі есірткі затын заңсыз сақтап, таратумен айналысқаны үшін заң алдында жауап береді.

Авторы: Ардақ Айбарұлы
 

Связанные Статьи