Головкин Сондерспен жекпе-жекке шығудан бас тартты

/uploads/thumbnail/20170710013719576_small.jpg

Yahoo! Sports порталының хабарлауынша, Геннадий Головкин жазда орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен айқас өткізбейтін болды, деп жазды Sports.kz.

Мұның орнына қазақстандық боксшының командасы қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен жекпе-жекке дайындалады.

Геннадийдің промоутері Том Леффлер мексикалық тараппен келіссөздер жүргізуді жалғастыруда, алайда жағдай туралы тілшілерге пікір білдіруден бас тартқан.

Бастапқыда Головкин мен Сондерс жекпе-жегі маусым айына жоспарланған еді. Өткізу орны Астана қаласы деп жорамалданған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи