Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасындағы жекпе-жекте төртінші болып алаңға 64 келі салмақта Энди Крузға қарсы Ділмұрат Мижитов шықты. Ол да қарсыласына 47:48:48:47:48 ұпаймен есе жіберді.
Айта кетсек бұған дейін, 56 келі салмақтағы Ильяс Сүлейменов қарсыласы Хавьер Ибаньесті 48:47. 48:47. 48:47 ұпай санымен жеңсе, Бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген Теміртас Жүсупов 5 раундтық бәсекеде ұпай санымен қарсыласынан басым түскен болатын. Алайда 91 келі ауыр салмақта Антон Пинчук – Эрисланди Савонмен шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберіп еді.
Естеріңізге салайық, спорт додасы Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі болып табылады. Додаға дейін Qamshy.kz тілшісі жаттығу залына жиі барып, «Астана арландарының» тартысты жекпе-жекке дайындығын бақылаған болатын. Сондай-ақ, «Астана Арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпековтің ақтық айқасқа дайындығы туралы сұхбат жарияланған еді.
Қазақ жұрты көз тіккен айтулы додада енді ел намысын қорғайтын боксшылар мыналар:
52 келі, Олжас Сәттібаев – Йосбани Вейтиа
60 келі, Зәкир Сафиуллин – Лазаро Альварес
69 келі, Асланбек Шымбергенов – Роньель Иглесиас
75 келі, Әбілхан Аманқұл – Арен Лопес
81 келі, Арман Рысбек – Хулио Ла Крус
91 келіден жоғары, Олжас Бұқаев – Йоандри Тоирак
Нұрсұлтан Аманжолв резервте шығады.
Бір айта кетерлігі кубалықтар бұл финалға кілең Олимпиада, Әлем чемпиондарын, тек қана бірінші номерлі боксшыларын әкелген. Ал «Астана Арландары» командасы екінші, үшінші, төртінші номерлі боксшылардан құралса да Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Англия сияқты елдердің тек қана бірінші номерлі боксшыларын жеңіп, финалға жеткен.
Кәсіпқой бокста қазақтың туын жедбіретіп жүрген жігіттер Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев және Асхат Уалиханов Бүкіләлемдік бокс сериясының WSB жобасы бойынша финалға шыққан «Astana Arlans» боксшыларына сәттілік тілеген еді.