Жарақатына қарамай алаңға шыққан Әбілхан Аманқұл жеңісті қолдан берді

/uploads/thumbnail/20170716220905167_small.JPG

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасындағы жекпе-жекте бесінші болып алаңға 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл мен Арен Лопес шықты. Өкінішке орай Әбілхан Аманқұл 47:48 47:48 47:48 ұпай айырмашылығымен жеңісті қолдан берді

Айта кетсек бұған дейін, 56 келі салмақтағы Ильяс Сүлейменов қарсыласы Хавьер Ибаньесті 48:47. 48:47. 48:47 ұпай санымен жеңсе,  Бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген Теміртас Жүсупов 5 раундтық бәсекеде ұпай санымен қарсыласынан басым түскен болатын. Алайда 91 келі ауыр салмақта Антон Пинчук – Эрисланди Савонмен шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберсе , төртінші болып алаңға 64 келі салмақта Энди Крузға қарсы Ділмұрат Мижитов шықты. Ол да қарсыласына 47:48:48:47:48 ұпаймен есе жіберген еді.

Естеріңізге салайық, спорт додасы Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі болып табылады. Бірнеше күн бұрын Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Астана Арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков мырзаның «Куба қабыландары біздің Арландар үшін құбыжық емес» атты сұхбатын жариялаған еді.
Онда, Президент кубогында Әбілхан Аманқұл бір қолынан жарақат алғаны, жуықта дайындық үстінде екінші қолын да жаралап алғаны, сондықтан финалдық кездесуде орнына Сапарбай Айдаров шығатыны айтылған болатын. Кейіннен жарақатына байланысты алаңға шығар-шықпасы белгісіз қалған Әбілхан Аманқұлға дәрігерлердің тексеруінен соң рұқсат етілген болатын.

Ол туралы бапкері Ақүрпеков «Әбілханның жарақаты ауырлау болғаны рас. Оның үстіне ол тамыз айында Германияның Гамбург қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуы керек. Ол додаға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары 12-ші шілдеде басталады», - деген еді.

Бір айта кетерлігі кубалықтар бұл финалға кілең Олимпиада, Әлем чемпиондарын, тек қана бірінші номерлі боксшыларын әкелген. Ал «Астана Арландары» командасы екінші, үшінші, төртінші номерлі боксшылардан құралса да Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Англия сияқты елдердің тек қана бірінші номерлі боксшыларын жеңіп, финалға жеткен.

Кәсіпқой бокста қазақтың туын жедбіретіп жүрген жігіттер Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев және Асхат Уалиханов Бүкіләлемдік бокс сериясының WSB жобасы бойынша финалға шыққан «Astana Arlans» боксшыларына сәттілік тілеген еді.

Связанные Статьи