«Астана Арландары» «Куба Домадорес» арасындағы жекпе-жекте 91 келіден жоғары салмақта алыптар Олжас Бұқаев пен Йоандри Тоирак айқасты.
Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасындағы сегізінші жекпе-жекте Олжас Бұқаев қарсыласын діңкелетті
Қазірге дейін бәсекеге шыққан жеті айқаста қазақтар тек екі жекпе-жектің жеңісін еншіледі.
Бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсупов пен 56 келі салмақтағы Ильяс Сүлейменов қарсыласы Хавьер Ибаньесті ұпай санымен жеңді.
Алайда 91 келі ауыр салмақта Антон Пинчук – Эрисланди Савонмен шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберсе , төртінші болып алаңға 64 келі салмақта Энди Крузға қарсы Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберген еді. Бесінші болып алаңға 75 келі салмақта шыққан Әбілхан Аманқұл да ұпай санымен Арен Лопестен жеңіліс тапқан. Ал, Ла Круспен алтыншы болып алаңға шыққан Арман Ырысбек те қазақ құрамасы қоржынына жеңіс сыйлай алмады. Жетінші бәсекеде Олжас Сәттібаев Йосбани Вейтиаға қарсы тұра алмай қалды.
Естеріңізге салайық, спорт додасы Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі болып табылады.