Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қыркүйекте болатын мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жектен не күтетінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
«Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім. Альварес бұған дейін жұдырықтасқан жігіттерден ерекше. Ол мықты жігіт, нағыз чемпион. 16 қыркүйекте біз керемет бокс шоуын жасаймыз», - деді Геннадий Головкин.
Мұның алдында Головкин «Канеломен» жекпе-жекке өте жақсы дайындықпен шығуы керектігі туралы айтқан. Өйткені Головкин Абель Санчес даярлаған жекпе-жек жоспарын толық жүзеге асырмақ ниетте.