Әлемдің бокс сахнасында «QAZAQ» деген лақап атпен танымал болған қазақстандық боксшы Қанат Исламның Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qamshy.kz.
9 қыркүйекте Астана қаласында отандасымыз шаршы алаңда канадалық Брэндон Кукпен кездеседі.
31 жастағы канадалық боксшы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін ол отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген еді.
Ал, Қанат Ислам соңғы кездесуін мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында орналасқан «Boca raton resort & club»-та өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, WBO NABO және WBA Inter-Continental вакантты титулын жеңіп алған еді.
Ұларбек Дәлейұлы