Головкин мен Альварестің жекпе-жегі АҚШ-тың 400 кинотеатрында көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20170905111523858_small.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін жекпе жегі АҚШ-тың 400 кинотеатрларынан көрсетіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя хабарлаған.

«Канело» мен Головкиннің жекпе-жегі екі боксшының жанкүйрелерін алаңдататын қызу кешке айналмақ. Мұндай кездесуді үлкен экрандардан тамашалағанға не жетсін», – деді Де Ла Хойя.

Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Екі айдың ішінде билеттердің түгелдей сатылып кеткені хабарланған. 29 тамызда Лос-Анджелесте Головкиннің ашық жаттығуы өтті.

Связанные Статьи