Геннадий Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Головкин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Өзім және мансабым үшін қабылдаған маңызды шешім туралы хабарлағым келеді... Бұған дейінгі жеткен жетістігіме арқа сүйеп, ары қарай дамуым керек. Сол себепті, енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын деп шештім. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің кәсіби қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтыру туралы кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады деген ақпарат бар. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ешкімнен жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді деп жоспарланған.
Оставить комментарий