Тұрсынбай Құлахмет Азия Чемпионатындағы алғашқы алтынға қол жеткізді (видео)

/uploads/thumbnail/20190426150451399_small.jpg

Таиландта өтіп жатқан Азия Чемпионатында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет алтын медальға қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

75 килограмм салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы Үндістан Ашиш Кумарды жеңіп, Қазақстан қоржынына Азия Чемпионатындағы ең алғашқы алтынды алып келді. 

Еске сала кетсек, 60 килограмм салмақта сынға түскен, Закир Сафиуллин күміс медаль еншілеген болатын. 

Оқи отырыңыз, ♦Бек Нұрмағанбет – Азия чемпионы (видео)

Ұсынған: Мақпал Сембай 

Оставить комментарий

Связанные Статьи