«Дарабоз» жобасы қорытындыланды

/image/2019/06/10/154.jpg

Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен теңіз жағалауындағы баскетбол алаңында  облыстық мектеп оқушылары арасында «Дарабоз» спорттық-интеллектуалдық тележобасының ақтық сайысы өткізілді.

Тартысты өткен сайыста Жаңаөзен қаласының №21 орта мектебі командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Маңғыстау ауданының С.Нұрниязұлы мектеп-интернаты командасы иеленді.

Ал үшінші орынды  Қарақия ауданының  №3 орта мектебі мен  Маңғыстау ауданының А.Меңдалыұлы орта мектебінің командалары бөлісті.

Сайыс жеңімпаздары білім басқармасының кубогымен, ал жүлдегер командалар дипломдар мен мақтау қағаздармен марапатталды.                                                                                         

Жеңімпаз командаға Көкшетаудағы республикалық «Балдаурен» жазғы демалыс кешенінде демалуға жолдама берілді, олар қыркүйек айында өтетін республикалық «Мен - Чемпион» сайысына қатысады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи