Олимпиада чемпионындарына ең көп сыйақы беретін елдер анықталды

/image/2021/07/27/crop-1_12_437x778_201131_409852ebc59eb0b691d47f3cf266ba01.webp

Төрткүл дүние күтетін олимпиада ойындарының чемпиондары елінде "батыр" атанып қана қоймай, қомақты қаржы алады. Төмендегі материалда олимпиада чемпиондарына қай ел, қанша сыйақы беретіні туралы баяндалады.

Қазақстан олимпиада ойындарында алтын алған спортшысына 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындаған. Күміс алған спортшыға 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі. Спортшыны жаттықтырған бапкерге де осы сома беріледі. Оның 10 пайызын алғашқы жаттықтырушысы, 80 пайызын қазіргі бапкері, қалған 10 пайызын ұлттық құраманың бас бапкері алады. Бұдан бөлек облыс, қала әкімдіктері де жүлде алған спортшыларға пәтер мен көлік беріп жатады.

Биыл олимпиада чемпионына берілетін сыйақы мөлшері жағынан Сингапур елі әлемнің алдына шықты. Бұл елде алтын медаль иегерлері 1 миллион доллар сыйақы алады. Күміске 500 мың, ал қолаға 250 мың доллар беріледі.

Сыйақы мөлшері жағынан екінші орында Индонезия тұр. Олимпиада чемпионы қалтасына 745 мың долларды басады. Бірақ бір ескеретін жайт, аталған елдерде сыйақы бірден берілмейді. Бүкіл сома алдағы 10-20 жылда бөлініп төленеді. 

Бұрынғы КСРО елдерінің арасында Қазақстан сыйақы мөлшері жағынан Грузиядан кейін тұр. Олимпиадада алтын алған грузин спортшылары 322 мың доллар шамасында сыйақы алады.

Әзербайжан елі де спортшыларының жетістігі үшін қомақты қаржы бөлген. Ел үкіметі олимпиада чемпионына 248 мың доллар шамасында сыйақы тағайындаған.

Өзбек спортшылары алтын алса, қалтасын 200 мың долларға қалыңдатады. Молдова мен Италия олимпиада чемпиондарына 166 мың доллар ақша береді.

Франция мемлекетінің сыйақысы алтынға – 55 мың доллар, күміске – 22 мың доллар, қолаға – 14 мың доллар.

Ал Ресей алтын жүлдеге 54,5 мың доллар тағайындаса, күміс жүлдеге 34,5 мың доллар, қолаға 23,3 мың доллар сыйақы береді.

АҚШ алтын медаль алғандарға 37,5 мың доллар, күміске 22 мың доллар, қолаға 15 мың доллар береді.

XXXII жазғы олимпиада ойындарын өткізіп жатқан Токио мемлекеті алтын алған спортшыларына 36,9 мың доллар, күміске 14 мың долллар, қолаға 7500 мың доллар тағайындаған.

Дереккөз: Prosports.kz

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи