Токио-2020. Баландин жартылай финалға өтті

/image/2021/07/27/crop-125_21_1236x1648_1627384224.jpg

Токио олимпиадасында қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден жартылай финалға өтті, деп хабарлады Olympic.kz сайты. 

Рио олимпиадасының чемпионы өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды.

Жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған. 

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин  Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы олимпиадада  200 метрге брасс әдісімен жүзіп, алтын жеңіп алған.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи