Токио-2020. Серік Теміржанов Токиодағы олимпиада ойындарын аяқтады

/image/2021/07/28/crop-6_83_1061x1886_1627445087.jpg

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz. 

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездескен болатын. 

Теміржанов жекпе-жекте қарсыласына 0:5 есебімен жол беріп, Токио олимпиадасын жүлдесіз аяқтады. 

Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) Токио олимпиадасымен қоштасқан.

Қазір Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасының үш медалі бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи