Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио олимпиадасында жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік спортшы Имам Хатаевпен сынға түсіп, 4:1 есебімен жеңілді.
Осылайша 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде сүрініп, ойындарды аяқтады.
Қазір Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасының үш медалі бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Оставить комментарий