Бокстан 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов Токио ойындарындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Olympic.kz.
– Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады, – деді Серік Теміржанов.
Олимпиаданың 1/8 айналымында Теміржанов америкалық Дюк Реганнан ұтылған болатын.
Қазір Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасының үш медалі бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Оставить комментарий