"Бапкерім намысымды оятты". Сәкен Бибосынов жартылай финал туралы пікірін айтты

/image/2021/08/03/crop-12_18_481x642_1568458418.jpg

Бокстан Токио олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов бүгінгі жекпе-жегі ауыр өткенін айтты, деп хабарлады olympic.kz сайты.

– Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раунтан басымдық танытқаныммен екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіне жақындатып алдым. Негізі қарсыласым лас жұдырықтасады екен. Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес, – деді боксшы.

Осылайша ол ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгенін, бірақ әлі ресми түрде кездеспегенін атап өтті. Сәкен Бибосынов өз сөзінде жеңіске жету үшін бар күшін салатынын жеткізді.

52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді. 

Токио-2020: Бокстан Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи