Тоқаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысын ауыстырды

/uploads/thumbnail/20250715144526039_big.webp

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қарулы күштерінің әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Руслан Қоңыровты қызметінен босатып, оның орнына Асқар Ізбасовты тағайындады. Бұл туралы 15 шілде күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Президенттің тағы бір шешімімен Бақытбек Сыдықов Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Биыл 8 маусымда Тоқаев Қазақстанның қорғаныс министрі етіп Дәурен Қосановты тағайындаған. Қосанов оған дейін қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған еді.

Связанные теги :

Связанные Статьи