Астанада өткен сот отырысында экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды. Әйелін бірнеше жыл бойы соққыға жығып, азаптады деп айыпталған экс-дипломатқа қатысты сот отырысы аяқталды.
Сондай-ақ Сәкен Мамаш дипломатиялық дәрежесінен де айырылды.
Бұған дейін Карина Мамаш 10 жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көріп, азапталғанын айтып еді. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырған болатын.