WhatsApp та, Telegram да емес: Президент жаңа мобильді қосымшаға көшуді тапсырды

/uploads/thumbnail/20250811175248101_big.webp

Digital-дәуір игілігінің бірі – «алыстан хабар алғызған» мессенджерлер еді. Бүгінгі күні тұрмыс-салтымызға сіңіп кеткен WhatsApp, Telegram және Facebook, Instagram, TikTok директілерінің қолданыс аясы тарылуы мүмкін. Себеп – ұлттық мессенджердің айналымға қосылуы және оны Мемлекет басшысының қолдауы. 

 

Жасанды интеллекттің кең қолданыла бастауынан туындайтын қауіп-қатердің алдын алу, реттеу шараларын жүйелеу мақсатында өткен жиында Президент әлем елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жұмысты жеделдету керектігін айтты. 

 

Мемлекет басшысы жасанды интеллект мәселелері бойынша дайындалып жатқан заң жобасы жауапкершілікті, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сондай-ақ, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың да ойынан шығуы қажет екенін жеткізді.

 

Президент киберқауіпсізді қамтамасыз етуге кедергі болатын факторларды жоюды және қорғалған коммуникацияның қолжетімділігін арттыруда тапсырды.

 

«Үкімет жеке деректерді жинайтын барлық коммуникация түрлерін қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауы керек», - деді ол.

 

Алдағы уақытта Мемлекет басшысы ұсынған Aitu қолданушылары жедел артуын байқауымыз ықтимал. Ал аталған мессенджердің толық қорғау талаптарына жауап беретінін және дербес деректердің қандай да бір қолсұғушылыққа ұшырамайтынын дәлелдейтін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жедел қолға алынса құба-құп.

Связанные Статьи