Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайды ұстағанын растады

/uploads/thumbnail/20250814101737373_big.webp

Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Бұған дейін Әлімнұр Тұрғанбайдың әйелі оның Қытайға барып, жоғалып кеткенін хабарлап, Қазақстан билігінен көмек сұраған еді. 

Қытай жағы Қазақстан билігіне жолдаған жауабында Әлімнұр Тұрғанбайдың әлі де Қытай азаматы екенін, Қытайда қос азаматтық танылмайтындығын атап өткен. Жуырда Қазақстанның Қытайдағы консулдығынан жауап алған Әлімнұр Тұрғанбайдың әйелі Гүлдәрия Шеризат Азаттыққа консулдықтың берген жауабын көрсетті.

"Қытайлық тараппен өткізілген тиісті келіссөздің нәтижелері бойынша 2025 жылдың 11 тамызында Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі халықаралық ынтымақтастық басқармасы Қытайдың “Азаматтық туралы” заңының ережелеріне сәйкес, Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шығуға рұқсат алмағанын және Қытай азаматтығынан автоматты түрде айырылу шарттарына сәйкес келмейтінін хабарлады. Осыған байланысты ол әлі күнге дейін ҚХР азаматы мәртебесін сақтап отырғанын жеткізіп, Қытайда қос азаматтық танылмайтындығын атап өткенін жеткіземіз” деп жазылған консулдық жауабында.

Связанные Статьи