25 қазанда аталып өтетін Республика күні биыл сенбіге түсіп тұр. Сондықтан заң бойынша демалыс күні дүйсенбіге көшіріледі.
Бес күндік жұмыс аптасында 25, 26 және 27 қазан демалыс күндері болады, алты күндік жұмыс аптасында 25 және 26 қазан демалыс, ал 27 қазан жұмыс күні болады.
Яғни, демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар қазанда 9 күн демалады.
Айта кетері, 2022 жылдан бастап 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайта қалпына келтірілді. Ол ұлттық мереке болғандықтан бұл күнге демалыс беріледі.