Рой Джонс:«Қазақстанда саяхаттау спортшы денсаулығы үшін қауіпті»

/uploads/thumbnail/20170709190952826_small.jpg

Төрт салмақ дәрежесіндегі бұрыңғы әлем чемпионы Рой Джонс 2016 жылы Риода өткен олимпиада да  Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың жекпе-жегіне қатысты өз пікірін білдірді.

«2016 жылы әлем бойынша спортта жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырғанымыз ұят! Неліктен былай, түсінбеймін. Егер қателік жасасаң оны түзетіп, кешірім сұрау қажет. Ал егер қателігіңді мойындауға жігерің жетпесе, барлық спорттың құнын түсіріп аласың» дейді Рой Джонс.

Риода өткен 2016 жылғы олимпиада ойындарында сот шешімі бойынша қазақстандық Василий Левит алтын медаль ала алмай қалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік американдық кәсіби боксер кіші Рой Джонс Қазақстанға келді. Бұл спортшының елімізге екінші рет келуі.  Астанаға қарапайым поездбен барып, «Қазақстанда саяхаттау спортшы денсаулығы үшін қауіпті» деген еді деп хабарлайды sports.kz.

Боксерді бәрінен бұрын қазақстандықтардың қонақжайлылығы таң қалдырып, тамақтарының дәмділгіне қайран қалыпты.  

«Сіздердің астарыңыз өте дәмді. Маған бешбармақ ұнайды» дейді спортшы. Кіші Рой Джонс Қазақстан туралы Генадий Головкин арқылы білген екен.

«Головкиннің арқасында Қазақстанды және Қазақстанда Генадий Головкин секілді мықты боксер бар екенін барлық американдықтар біледі».

Головкиннің жекпе-жегі туралы әңгіме айтыла бастағанда аздап ұйқысы қанбаған боксшы жандана түсті. Ол қазақстандық боксшының жекпе-жегін бақылап жүретіні белгілі болды.

Рой Джонс Генадий Головкин мен Канелоның 2017 жылы Нью-Йоркте өтетін жекпе-жегі туралы ойын да айтып берді.

«Канело жұдырықтасқандардың барлығы бокстағы салмақты спортшылар. Ол өз кәсіби жолын мықты қарсыластарды жеңумен бастады. Генадий ондай аты шулы боксерлермен жұдырықтаспады. Себебі олар Головкиннен қорқады. Сондықтан екеуінің атағы мен лауазымында айырмашылықтар бар» деді боксер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи