Түпқарағандық 80 отбасы мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтерлі болады

/image/2019/09/16/crop-250_151_1146x1528_111237560200.JPG

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиев мәлімдеді.

Бүгінде Түпқараған ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 750 адам  тұр.  Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік 1 тұрғын үй және 8 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар көп балалы отбасыларға арналған 16 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысы басталды,  80-ге жуық тұрғыны қоныс тойын тойлайтын болады.

            «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 30 адамға жолдама берілді, оның 13 банк тарапынан қанағаттандырылды. Атап айтсақ, Көп балалы отбасыларға – 8, Мүгедек балалары бар оны тәрбиелеуші отбасыларға – 3, толық емес отбасыға  - 2.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи