• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 01:18:35
Алматы
+12°

"Қазақстанда салафизм мен ваххабизмге заңды түрде тыйым салынсын" деген талаппен петиция жарияланды. Аталған петицияны Мирас Ермекұлы деген азамат жариялаған.

"2020 жылдың қаңтарында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҰҚК қызметкерлері ақша алу үшін бірқатар ұрлауды ұйымдастырды деген күдікпен сәләфизм деструктивті діни ағымының жақтастары тобын ұстағаны хабарланған.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында салафиттердің автобус жүргізушілерінен ақша бопсалағанын хабарлады. Соңғы 20 жылда мұндай жаңалықтар өте көп, оның барлығын тізіп шығу мүмкін емес" деп жазылған петицияда.

Петиция авторы 2016 жылы 14 қазанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сәләфизмді ұстанушылар өздерінің идеялары мен құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрімізден, мәдени және рухани құндылықтарымыздан жоғары қоятынын айтып өткенін еске салды. 

"Бұл петицияның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қоғамның қауіпсіздігін және конституциялық құрылысты қамтамасыз ету, діни араздықты қоздырмау. Ислам – бейбіт дін. Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстанда салафизм мен ваххабизмге заңды түрде тыйым салуды талап етеміз!" деп жазады Мирас Ермекұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір