«Нұр Отан» Үкіметтің алдына кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін қоятын болды

/uploads/thumbnail/20180816180406102_small.jpg

Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы №5 кітапхананың жұмысымен танысқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевайтты.

Қазіргі таңда еліміздегі кітапханалардың барлығыбірдей қазіргі заманға сай қызмет көрсетеді деп айтаалмаймыз. Әсіресе, ауылдық жерлердегі кітапханалардыңжайы баршамызға белгілі. Кітапханашылардың әлеуметтікжағдайын жақсарту мәселесі де өзектілердің қатарында. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін «Нұр Отан» партиясыкітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартумәселесін Үкіметтің алдына қоятын болады, – деді МәуленӘшімбаев.

Қазіргі таңда партия өз қызметін жаңғырту аясында 20-дан астам жобаны қолға алып, оларды қарқынды жүзегеасыруда. Солардың қатарында еліміздегі кітапханалардызаманауи білім орталықтары ретінде қайта жаңғыртып, олардың қызметін жаңа деңгейге көтеру мәселесі де бар.

Nur Otan

 

Соның нәтижесінде қазірдің өзінде көптеген отандықкітапханалар нағыз білім орталықтарына айналып, халыққасапалы қызмет көрсете бастады. Атап айтқанда, онда түрлісеминарлар мен тренингтер өткізуге, оқырмандардың жекежәне топпен жұмыс істеуіне, оқулықтарды электрондынұсқада оқуға жағдайлар жасалуда. Бірыңғай онлайн-кітапхана жүйесін қалыптастыру жұмыстары бастау алып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқакөшірілуде. Аталған білім орталықтарында жастарға арналғанқызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаңдарыжұмыс істей бастады. Одан бөлек, мұндай орталықтардажастардың ағылшын тілін үйренулеріне, жалпы білімге дегенынтасын арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Олардыңқатарында ауылдық жерлердегі кітапханалар да бар екенінерекше атап өткен жөн.

Партияның бұл бастамасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына үлес қосу мақсатында қолға алынған. Бұл жөнінде партия Төрағасының Біріншіорынбасары:

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі мәніелімізде білімге деген құштарлықты арттырып, халықтыңжан-жақты білім алуына жағдай жасау. Бұл реттекітапханалардың рөлі ерекше екені сөзсіз. Сондықтан партия кітапханаларды жаңғыртуды бірінші кезектегі жұмыс дептауып, қажетті шараларды қолға алды. Ең алдымен, кітапханалардың материалдық-техникалық базасынжақсартуға көңіл бөліп отырмыз. Сондай-ақ ондағы кітапқорын цифрландырудың да маңызы зор. Осы жұмысты жан-жақты жүйелеп, бірыңғай ұлттық толыққанды онлайн-кітапхана жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Кітапханаларқайнаған өмірдің ордасына айналуы тиіс. Осылайша біз«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудакітапханаларды негізгі факторлардың біріне айналдыруымызкерек, – деді.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Астана қаласындағыКөлік және коммуникация колледжінде болып, ондапартияның бастамасымен ашылған ІТ-орталықтыңжұмысымен танысты.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына үлес қосу мақсатындаеліміз бойынша тегін 1000 ІТ-сынып пен 20 ІТ-орталықашуды қолға алған болатын. Соның нәтижесінде бүгіндеелімізде 100-ден астам ІТ-сынып пен 15 ІТ-орталық ашылып, қазақстандықтар бағдарламалау негіздерін, робот техникасынжәне 3D модельдеудің қыр-сырын меңгеруде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар