Жамбылда әлеуметік сала мен білім саласы басты назарда

/image/2019/08/01/crop-5_3_559x682_sessiya-696x574.jpg

Жамбыл облысында ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге өскен.  Бұл туралы облыс әкімі  Асқар Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында жасаған баяндамасында айтты.

Облыс әкімнің айтуынша, Жамбылда ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге (28 мың теңгеден 42 мыңға дейін) өсіп, бюджеттік мекемелердегі 32,6 мың қызметкердің және 4531 (барлығы 8781) жеке сектордағы 70 мыңға жуық жұмыскердің жалақысы (44,2 мың теңгеден 53,6 мыңға, 21,2 пайызға) артқан.

«Есепті кезеңде 9264 жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар –12147). Бұл жоспардың 76 пайызын құрады.

Шағын бизнес бастамаларды іске асыру үшін 1783 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беруге 890 миллион теңге (200 АЕК – 505 мың теңгеден) бөлінді. Оның  309 миллион теңгесі 611 көпбалалы отбасына қарастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есе өсіп, 32 мың отбасын құрады (162 мың адам, 2018 жылы – 15 мың отбасы — 74,5 мың адам) (6,7 миллиард теңге. төленді, жыл соңына дейін 21,2 миллиард теңге төленуі қажет)», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Жамбылдағы білім саласында да орын алып жатқан оң өзгерістерді тілге тиек етті.

«Білім саласында 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Нәтижесінде, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 98,6 пайызға жетті. Жыл соңына дейін әлі 12 балабақша ашылатын болады.

12 білім нысанының құрылысы жүргізілуде, бүгінгі нақтылауда қосымша 5 мектептің құрылысын бастауға қаржы қарастырылмақ. Нәтижесінде облыстағы 4 апатты, 1 үш аусымды және орын тапшылығы бар 5 мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 2 аппатты мектеп мәселесі 2020 жылы шешіледі, 3 аусымды мектеп биыл толық шешіледі.

Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі орташа 90,7 балл құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 1,3 балға жоғары (2018 жылы – 89,4).

Мектептегі 28 мың баланың ыстық тамағына қосымша 305 миллион теңге бөлініп, 2 миллиард теңгеге, 21 мыңнан аса баланың киім кешегі және кеңсе тауарларын алуға 410 миллион теңге бөлініп, 700 миллион теңгеге жетті.

Әлеуметтік санаттағы 75 мың баланы жазғы сауықтыру лагерімен қамтуға 314 миллион теңге бөлініп отыр. Жалпы меже 213 мың бала. Сонымен бірге, Арыс қаласының 223 баласы облыстың сауықтыру лагерьлерінде жазғы демалысын өткізуде.

Колледждерде грантқа 13 мыңнан астам студент тегін білім алуда, оның 50 пайызы (6081)көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасынан. 2,1 миллиард теңге – оқуға, 1,1 миллиард теңге – стипендияға, 600 миллион теңге тамақтануға бөлінді», – деді Асқар Мырзахметов.

Қуаныш Кеуілімжай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар