Ілияс Жансүгіровтің небәрі 43 жылдық өмір жолы мен әдеби-ғылыми мұрасын түгендеу, қолда жоқ шығармаларын жинастыру, жазу мақсатында “Ілияс ізімен” халықаралық ғылыми-танымдық экспедиция Ресей жеріне барып қайтты. Осы игі мақсатта қаламгердің 125 жылдық мерейтойы аясында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Батталов мырзаның тікелей қолдауымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматы облысындағы филиалының ұйымдастыруымен Мәскеу, Петербор қалаларына сапар шекті. Облыстағы “Достық үйі” мекемесінің директоры, белгілі қоғам қайраткері Тәңірберген Қасымберкебаев, ақын, өлкетанушы, қоғам қайраткері ҚХА Алматы облысындағы өкілдігі төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай және тағы басқа азаматтар бас қосқан ғылыми керуеннің ішінде журналист-жазушы Гүлжан Тұрсын, Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіровтің әдеби музейінің ғылыми қызметкері Салтанат Төлегенова, жас ғалым, ғылым магистрі, Республикалық «Жастар» конкурсының лауреаты, әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбай және осы жолдың авторы 6 қыркүйек күні жолға шықтық.
Ілияс Жансүгіровтің жан-жақты талант иесі екенін халық әлдеқашан мойындаған. Қаламгердің сан-салалы асыл мұраларының құны жойылмағаны анық. Осы баға жетпес дүниелерді зерделеу — қазіргі ұрпақ еншісінде. Ілиястың шығармаларымен қатар, оның ғұмырлық жолын қарастыру да кешеуілдетуге жатпайтын мәселе.
Қазақ әдебиетінде қаламгерлердің биографиялық болмыс-бітімі жөніндегі фактілерді зерттеу кеш қолға алынса да, біршама қазақ даналарының ғұмырлық кейбір қалтарыс беттері айқындалды.
Ілияс замандастары ішінде «тонның ішкі бауындай» болып кеткен тағдырлас Сәкен Сейфуллиннің өмірі жөнінде кітап филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің авторлығымен «Тамаша адамдар өмірі» сериясы бойынша Мәскеуден 1984 жылы кітап болып шықты, Кейін қазақ тілінде жарық көрді.
Бейімбет Майлиннің «Тамаша адамдар өмірінен» сериясы бойынша 90-жылдардың басында филология ғылымының кандидаты, әдебиетші-ғалым - Тоқтар Бейісқұловтың авторлығымен жарық көрді. Ал, Ілиястың өміріне қатысты бұл сериямен кітап шықпақ түгілі ғұмырнамалық (автобиографиялық) фактілері нақты анықталып болмаған. Бұл, әрине, өкінішті жайт. Сондықтан Мәскеу сапарынан үмітіміз мол еді.
Ілиястың творчестволық лабораториясы кең, ауқымды. Оны зерттеп, кей шығармаларының шығу жайы, тарихы жөнінде бір қажет мәлімет болатын болса, өмірлік фактілері мен архив деректеріне жүгіну аса маңызды жайт. Біріншіден айтарымыз, Ілияс жас кезінде өзінің табиғат берген қабілет-қарымы арқасында ауылды жердің «оқуын» толық игеріп алған еді. Оны алға, білімге жетелеген, тағы бір жайт - оның Барлыбек Сыртановпен кездесуі. Оны Барлыбек Сыртановтың баласы Әбдул-қадыр (Кәке) Сыртанов былай деп есіне алады: «Ілияспен жақын танысып араласып кеткенім әлі есімде. 1913 жыл еді. Онда әкем тірі. Ілияс менен ересектеу болатын. Біздің үйге келгенде, жас әнші жігітке әкем араб әрпімен басылған қазақ кітаптарын беруші еді. Орыс, Еуропа ақындары туралы айтып отыратын» (Азамат ақын. Алматы, 1994,180 бет).
Жас жігіт арман-қиялға батып, әрі қарай оқуды аңсайды. Бірақ оның тағдыры — қатал әкенің қолында. Ілиястың әкесі туралы айтар болсақ, 1928 жылы Ілиястың өз қолымен жазған өмірбаянында «Жансүгір — әкем көзі тірі, жылы жылан, жетпіс бірде» дейді. 1928 жылы 71 жастағы кісінің туған жылын анықтау қиын емес. Сонда Ілиястың әкесі 1857 жылы туған болса, биыл 2019 жылы 162 жасқа келіп отыр. Жансүгір халық арасындағы Жанақ, Шөже, Бақтыбай, Құлмамбет, Шернияз, Базар сынды жыраулармен қатар, Ақан сері, Біржан-Сара айтыстары мен шығармаларын мұқият жинап, оларды ел арасында кеңінен насихаттаған адам. Ал Сүйінбайдың жырларын Жансүгір сүйіп оқитын болған. Балаға суық, қатал Ілиясқа қара танытқан да өз әкесі болды. Қазақстанда аштық жылдарында Оңтүстік Қазақстан жақтағы канал қазу жұмыстарына қатысып (Мақтарал ауданында), сол жерде 1932 жылы дүние салады. Жерленген жерін Ілияс түгіл, бейбіт өмірде кейінгі балалары іздеп таба алмайды.
Балаларды оқытуға молданың жоқтығынан Ілиясты Жансүгірдің өзі оқытты. Жансүгірдің Ілиясты өзі оқытқандығы күткен үміті – кәміл хат таныту, өмір өрісінде еңбекке баулу, өлгенде «әкесіне арнап, молдаларға құран оқыту дәрежесіне іліндіру» болған. Бірақ Ілиястың бала жасынан ынтасы дүниетану болды. Зерделі бала өмірдің сырын білуді, айналасын тануды арман етті» («Азамат ақын». Алматы, 1994, 132-бет, Құсайын Шөкеновтың естелігі). Ол «Ғалия» мектебіне баруға құштар еді. Әкесі: «Осы оқуда аз болмас, шырағым Ілияс, сені көз алдымнан қайда жіберемін, қалай шыдаймын? Тағы оқимын дегенің болса, ана Абдыра Бекеттегі Сары молдадан оқы», - дейді. Ілияс, «Сары молданың жинап отырған оқулығы ылғи «Мұхтасар», «Бақырған», «Афтиек», «Құран», онымен қанша жерге барамын, Сары молдадан оқымаймын» — дейді әкесіне. «Оқымасаң онда ауылда бол» деген ойды бекем ұстанған әкесі Ілиясқа өзінен едәуір үлкен Жәмила деген қызды айттырып қосады. Үш-төрт жылдай отасқанда, бала болмаған соң әйелінің өз ризалығымен оны төркініне жібереді. Бұл - 1919 жыл. Кейін Тасыбай деген елдің Аманша Берентайқызы деген бір қызын алып береді. Аманшаға Ілиястың ықыласы күшті еді. Өкініштісі - Аманша ауру еді. Сол тұста анкета толтырғанда (1925) «әйелім бар» дегені Аманшаны айтқан.
«Шаруашылығымда бір атым және бір сиырым бар дегені - өз билігі өзінде, жеке отбасы болғаны» деп түсіндік.
Енді ол өзінің арман еткен оқуына аттанады. Бұл - 1925 жыл. Мәскеудегі ГИЖ-ге түседі. Онда Ілияс – 31 жаста. Аманша өзінің әпкесі Балдыбаланың қолында тұрады. Бұрынғы Садық-Сыдық поселкесінде (қазіргі Еркін селосы) қалады. Өйткені, ауру еді. Ілияс Мәскеуде жүргенде Аманша 1927 жылы босана алмай баладан өледі.
Жоғарыда атағанымыздай, білімге жастайынан еліктеген Ілияс Мәскеудегі мемлекеттік Журналистика институтында білім алған тұңғыш қазақ. Ілекең осы институттан “журналист” мамандығы дипломын алып, түркі халықтары арасынан кәсіби журналист атанған бірегей қайраткер. Осы оқу орнының азды-көпті тарихына жүгінсек, журналистика институтының тарихы сонау 1918-1919 жылдардан басталады. Алғашқы жылдарында Қызыл Журналистика институты ретінде ашылған оқу орнының атауы әр жылдары Мәскеу журналистика институты, сосын Коммунистік Журналистика институты, кейіннен Халықтық Журналистика институты сияқты болып өзгеріп тұрған. Ілекең оқыған жылдары ГИЖ (Государственный институт журналистики) атанған еді. Қазіргі кезде Мәскеудің Моховая көшесіндегі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің еншісіне көшкен екен. Қазіргі МГУ-дағы журналистика факультетін көрудің де бақытына ие болдық, бірақ сол күні демалыс болғандықтан, ішке кірудің мүмкіндігі болмады. Тек сыртқы ғимаратын көріп, Ілекеңнің табаны тиген жері осы екен ғой, деумен шектелдік. Бірақ, сол жердегі қаламгердің оқыған тұстағы архив материалдарының айтары мол екен екенін кейін білдік.
Ілиястың Мәскеуге дейінгі алған білімі сол кездің өлшеуімен аз болмаса керек-ті. Бірақ дерек үшін оның қажеттілігін айтпасқа болмас деген ойдамыз. 1910 - 1911 жылдары Маманұлы Тұрысбек қажы ашқан Сүттігендегі Қасен молдадан сауаттылығын жетілдіреді. Осы жылдардың бірнеше айын Қарағаштағы “Мамания” мектебінде өткізген. Бұл мектепте сол жылдары Мұстақым Малдыбайұлы, Файзрахман Жихангеров, әнші Майра Уәлиқызы, үлкен оқымысты, қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды мұғалімдер дәріс беретін. Қазақ сахарасының әр қиырынан Жетісуға білім дәнін себу үшін келген, жеті жұрттың тілін меңгерген, ғибраты мол сауатты оқығандардың тағылымды дәрісі Ілиястай оқуға ынтық баланың қиялына қанат бітіреді. Бірақ тұрмыс тауқыметі Ілиястың ары қарай жүйелі білім алуына тосқауыл болды. Осы мектепте оқып жүргенінде болашақ эпик ақын заңгер Барлыбек Сыртанұлын, Отыншы Әлжанұлын, Көлбай Тоғысұлын көрген, әңгімелерін естіген. Маман қажы ауылына атақты Әсет Найманбаев келгенде, өз заманының сал-серісі болған ақын әншінің өлеңін тыңдап, айтысына құныққан еді. Кейінірек осы сезімін өлең ретінде Әсетке арнап былай деп жазады:
«Сайрадың құйқылжытып, құбылжытып,
Тамсандым, таңдайымның суын жұтып,
Толқытып, толықсытып, емірентіп,
Қиқуға қызықтырдың, қылдың ынтық»... деп, еміренеді.
Дүниенің астаң-кестеңі шығып, патша тақтан құлаған соң, ақтар қашып, қызылдар қуғанда, Ілиястың оқу оқып, білім алмақ түгілі өз айтқандай «жан қайғы...». Дегенмен, оқуға аңсары ауады да тұрады.Сәл бейбіт күн орнап, ел есін жиған тұста Ілиястың ол арманы орындала бастайды. Ілиястың бұдан кейінгі шығармалары баспасөз беттерінен жиі шығып, творчестволық өсу эволюциясы басталады. Осы кезеңдегі поэзияның денін былай деп көрсетеді: «Мен төңкерістен әрі жерде хат шығарып, қисса оқудан артық сауатым болмаған ауыл наданымын.
1917 жылдың тұрғысындағы бостандық пен көбейе бастаған газет-журналдар мені үлкен жазуға еліктірді. Еліккенен еш нәрсе шығара алмадым...».
Әуелі Алматы, сонсоң Ташкент қалаларында барып, білім алады. Бұл туралы мынадай құжаттың өзі осыны растайды:
№4
РАСПОРЯЖЕНИЕ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ПОДКОМИССИИ СЕВЕРНОГО РАЙОНА ОСОБОЙ НАУЧНОЙ КОМИССИИ СЕМИРЕЧЕНСКОЙ ОБЛАСТИ
7 октября 1920г.
При сем подкомиссия просит выдать пропуск членам комиссии А.Джумагулову и И.Джансугурову на проезд от г. Верного до г.Ташкента по делам службы.
Пред[седатель] подкомиссии
[Арабаев]
Секретарь
Ташкентте оқып, білім алған тұсында, Ілияс тек білім алып қана қоймай, баспасөзге де араласады. Газеттің шығарушысы Ғани Мұратбаевпен танысып, өзінен онша үлкен болмаса да оған хат жазады. Ілекеңнің бойындағы талантын сезген Ғани өзінің ықыласын бергендіктен, алғашқы №1 «Жас Алаш» газетіне өзінің алғашқы жазғандарын газет бетіне шығарады. 1921 жылы «Жас Алаш» газетінде 22 мартта шыққан «Жас замандастарға» деген бас мақала менікі және сол нөмірде «Жалпы жасқа» деген өлеңім де басылды. Менің алғашқы баспасөзге шыққан, бірінші шыққан мақалам осы» - дейді, бір сөзінде.
Осы тұста, өзінің хатын Ғани Мұратбаевқа былай деп жазады:
№8
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ХАТЫ
1921ж.19 тамыз
Мейірімді Ғ. аға!
Төменде хал-жайымды айтым өтініш ұсынамын. Кейіпіңізге келіспесе, кешірім өтінем.
Мен далалы жердегі дүниеден бейхабар жүрген, құмдағы еліңіздің баласымын. Маған, қазақша қол қысқа болғандықтан тіршілік ағыны ауырлығын салып, тұрмыс қысыңқы болып, тәртіпті-тәуір жердің аты болмаса, иісін де сезгем жоқ. Бірақ қазақ қазитасы шыға бастап, Абай, Ахмед, Шаһ-Карим, Мағжан һәм Сіздің түрлі кітапшаларыңыздағы өлеңдер мен сияқты үлгі көрмеген сынық көңіл бауырыңыздың жүрегін жылытып, еріксіз елжіретіп, иелерін тым сағындырушы еді.
Сондай хал-жайы бар бауырыңыз биыл көп жол азабын көріп, осы Ташкенге келіп еді. Мұнда жасымнан сағынған, көруге ынтық болған Сізді көріп, мәжілістес болып жүргеніме өзімді бақытты санаймын.
Менің 15-16-ыншы жылдарда жазылған «Балдырған» өлең кітапшам бар еді, һәм 18-інші жазылған бір сыпыра өлеңдерім бар еді. Бұларды анау әзірде Уалиханға беріп, едім. Және осы күнде «Қызыл жалау» деген аз ғана жырымды жазып сізге ұсынам. Өтінішім: мен сияқты талабы бар, тәртібі жоқ шала жүрген бауырыңыздың жазушылыққа бетін түзеп, осы жазғандарымның жарыққа шығуына себеп болуыңызды күтем.
Кішілікпен ініңіз
Ілияс Жансүгіров
ҚРОММ. 1012-қор. І-тізімдеме. 55-іс.1-п. Кириллицаға түсіріліп машинаға басылған көшірме.
Ілияс сол тұста ел арасындағы ауыз әдебиетін жинау жұмыстарына да қатысады. Ел ішіндегі аңыз әңгімелер мен ертегілер, жыр-дастандарды жинап, халық игілігіне арнайды. Сол тұста академик фольклорист Әбубәкір Диваевтың Ілиястың бойындағы әдебиетке жақындығын байқап, СРЕДАЗБЮРОНЫҢ фольклорлық мұраларды жинау жұмыстарына қосады.
Өлеңіндегі эпикалық кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора, анафора байлығы оның поэзиясындағы негізгі белгілері десек, одан халықтық, фольклорлық леп ескендей сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт-берекесі дарыған, көне заманнан даналық пен ақындық мекені болған Жетісу жерінің перзенті Ілияс бала күннен бастап өлең мен жырдың қойнауында туып, сонда өсіп-өркендеген.
Нәтижесінде, нағыз халықтық пафоста, танымдық-білімдік тұрғыдан берері мол, этнографиялық ғылым саласына жақын жазылған өлеңді оқып тамашалайсыз.
«Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,
Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,
Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,
Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,
Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік...
Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа серпін, жаңа үрдіс. Ауыз әдебиетін ерекше сүйіп өскен адамның болмысын жазбай танисың.
Ілияс осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақтың кең байтақ даласында оның ішінде Нарынқол, Кеген, Жаркент, Жетісу және басқа жерлерін аралап, бірқатар әдеби мұраларды жинайды, оның біразын 1930 жылдары кітап етіп те шығарады. Мәскеудегі Ұлттық кітапханасында Ілиястың жинаған әдеби нұсқалары «Құл», «Албан Асанның «Ақыр заман» кітабы, «Жетісу», Бақтыбай, Сүйінбай, Шал ақын, Шортанбай, Бөлтірік ақын секілді кітаптарының сол шыққан күйіндегі жайын көріп, қуанғанымыз жасырын емес.Сол кездегі құжаттың күйі мынадай екен:
№3
¹МАНДАТ О КОМАНДИРОВАНИИ В ЛЕПСИНСКИЙ УЕЗД ДЛЯ СБОРА КАЗАХСКОГО ФОЛЬКЛОРА И ОРГАНИЗАЦИИ ШКОЛ В КОЧЕВЫХ АУЛАХ.
Предъявитель сего Ильяс Джансугуров, член [подкомиссии] сев[ерного] района Особой научной комиссии Семиреченской волости, командируется в Лепсинский уезд для собирания киргизских литературных произведений, организации и устройству новых школьных помещений, освобождения всех помещений, выстроенных на средства кочевого населений, а также для изучения условий организации народного образования среди коренного населения. Ввиду ответственности, большой важности возложенных на него задач, особая подкомиссия просит все местные власти оказывать ему, Джансугурову, самое широкое содействие в успешном выполнении возложенных на него обязанностей, при этом Джансугурову предоставляется право кооптировать сотрудников для работы в комиссии и подачи телеграмм служебного характера.
Пред[седатель] подкомиссии
Секретарь;
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп.3. Д. 64. Л. 35. Подлинник.
Түсініктеме: ¹Особая научная комиссия Семиреченской области была образована в 1920г. как сезонный экспедиционный отряд Российской академии наук с целью комплексного научного исследования недр, флоры, фауны, климата территории, а также культуры, быта, языка, этнических процессов. Она разделялась на несколька подкомиссий по регионам.
Сол сапарда жүргенде ауырып қалады да, арасында еліне барып, емделген соң, Белтоғандағы мектепте мұғалім болып, қызметке араласты. Оның ең алғашқы мұғалімдік қызметке араласуы оны шынықтарады, ширықтырады.
№10
ИЗ ПРИКАЗА ЗАВЕДУЮЩЕГО ОТДЕЛОМ НАРОДНОГО ОБРАЗОВАНИЯ КАПАЛЬСКОГО УЕЗДА О КОМАНДИРОВАНИИ
И. ДЖАНСУГУРОВА В РАСПОРЯЖЕНИЕ ОБКОМА СОЮЗА «КОШЧИ»
1 июля 1922г.
[...] Заведующий Бельтогайским мектебом Аксуйской волости Джансугуров Ильяс откомандировывается в распоряжение обкома союза «Кошчи» с 17 июля с.г.
Основание: отношение уревком за № 4580 от 1 июля с.г. […]
Заведующий отделом народного образования
Капальского уезда
ТГА.Ф.12.Оп.1.Д.2.Л.181 об. Подлинник.
Абайдың тұңғыш кітабын 1912 жылы тауып алғандығы туралы деректі өзінің замандастары растаса, оны жата-жастана оқыған соң, ақындық шабыты оянып, шын өлеңнің құдіретін сезініп, шығармашылық ісіне ден қояды. Ілияс Жансүгіров поэзия әлеміне жастай келді десек, атап өткеніміздей, балғын, талапкер шағында Абайдың поэзиясы оған ерекше әсер етті. Әйтпесе, Ілиястың жас шағындағы «Құтырған күндеріндегі» өлеңдері әр-әр жерде айтылған жерінде қалып, көп мұраларыы сақтаусыз шашылып қала берген. Сол өлеңдерінің алғашқыларының бірі «Балдырған» атты жинақ дәптерінде енген Абайдың әсерімен жазған өлең нұсқасы төмендегідей келеді:
Салды бұлбұл енді әнге,
Құйқылжытқан келді әнге.
Тау мен тас мұңданып,
Арғы мен салды бергі әнге.
Ағаш, тоғай қуанып,
Әкетті ертіп жерді әнге.
Жан-жануар таңырқап,
Тамсандырды елді әнге.
Тоқсан толғап қайырып,
Тоқтады барып әреңге...» - деп, жырлайды. Мұнда ұйқас, форма, өлең өлшемдері Абай поэзиясына келеді. Бұл Абайға дейінгі өлеңдері. Бұдан кейін, өзі айтқандай, «... Абай артық әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-қайта тоймай оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім. Жазуға талабым оянды, Келсе де келмесе шұқылып, өмірді өлең қыла бастадым...»-дейді. Тіпті, Абай атындағы мектеп үйінің мұғалімі болғаны мына құжат растайды:
№11
ИЗ ПРИКАЗА ЗАВЕДУЮЩЕГО АЛМА-АТИНСКИМ УЕЗДНО-ГОРОДСКИМ ОТДЕЛОМ НАРОДНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
13 ноября 1922г.
[…] Пункт 3. тов. Джансугуров Ильяс назначается шк[ольным] работ[ником] в детский дом имени «Абая».
Основание: распоряжение зав. Школьным п[едагогическим] отд[елом]. Тов. Джансугуров зачисляется с 1-го сентября с.г. [...]
Заведующий угрОНО
ГААО.Ф.153.Оп.1.Д.95.Л.12.Подлинник.
Әрине, Абайдың әсері жас Ілиясқа үлкен әсері болса да, оның ойы қалайда, үлкен оқу орнында оқу еді.Ал бірақ ол арманы бірден орындала салмайды, талай кезең мен кедергі алда еді.
№18
УДОСТОВЕРЕНИЕ ПРЕПОДАВАТЕЛЯ КИРИНПРОСА
10 января 1924г.
Предъявитель сего Джансугуров Ильяс служащим Киринпроса в должности преподавателя, что подписью и приложением печати удостоверяется.
Действительно в течение того месяца. На котором будет оттиск печати.
Директор Киринпроса
Делопроизводитель
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 17. Подлинник.
№19
ИЗ ПРИКАЗА ДЖЕТУСУЙСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ИНСПЕКЦИИ НАРКОМПРОСА
20 февраля 1924г.
Пункт 2. На основании постановления Малого президиума облисполкома от 19 февраля за №15 пункт 2 на должность директора Киринпроса назначается школьный работник Джансугуров.
Подлинный за надлежащими подписями.
С подлинным верно.
Делопроизводитель Киринпроса
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 26. Заверенная копия.
№20
ИЗ ПРИКАЗА ПО КИРИНПРОСУ
23 февраля 1924г.
Пункт 1. Сего числа вступил в исполнение обязанностей директора Киргизского института просвещения.
Основание: Приказ облинспекции НКП N 7, пункт 2.
Директор Киринпроса
Джансугуров
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 26 об. Заверенная копия.
Қазақ жерінде ең алғаш жоғары оқу орнының директоры немесе қазіргі тілмен айтқанда ректоры болғандығын неге тарихтан жасырамыз.
Мәселен, Ілиястың 1920 жылы үш айлық курс ретінде негізі қаланып, жоғары педагогикалық оқу орнына айналған ¹Қазақ–қырғыз ағарту институтында алдымен оқытушы, кейіннен директорлық қызмет атқарғанды баршамызға мәлім (¹Киргизское педагогическое училище в г.Алма-Ата образовано в сентябре 1921 г. на базе Киргизских педагогических курсов. 14 декабря 1922г преобразовано в Киргизский институт просвещения. Позднее вошел в состав КазПИ (архив дерегі).
Ол 1924 жылы 10 қыркүйектегі өмірбаянында ағарту институтында басқарушылық міндеті жүктелгенін, жасы отызда, бір үйде екі жан екенін айтып кетеді (Дерек: «Ілияс Жансүгіров ректор болған ба?» «Ілиястану ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері Ш.Қыяхметованың «Жетісу университеті» газетіндегі №5(182) 22 мамыр, 2019 жылғы мақаласы).
Яғни, бұл құжаттың айтары - қазақ жеріндегі тұңғыш жоғары оқу орнының басқарушысы Ілияс болғандығын растайды. Ал қазіргі 90 жылдық тарихы бар қарт КазПИ-дің жазбаларында Ілиястың есімінің аталмауы неліктен екен деген сұрақ туындайды.
Әрине, Жоғары комунистік оқу орнына түсу, сол кездің талабы бойынша, оның әлеуметтік жайы мен ВКП(б) мүшелігі де үлкен роль ойнайтындығы да белгілі. Сол тұрғыдан келгенде, Ілияс оқуға түсу мақсатында партия мүшелігіне өтуі де тарихи жайт. Онсыз оқуға түсуі де неғайбыл.Сол құжаттың архивте сақталғанын айта кеткен жөн.Ол №21құжатта.
№21
ЗАЯВЛЕНИЕ В ЯЧЕЙКУ КПТ №7 ПРИ
УЙГУРСКОМ КЛУБЕ Г. АЛМА-АТЫ.
10 февраля 1924г.
Желая работать в рядах КПТ, как истинный защитник всех трудящихся масс, прошу зачислить меня кандидатом КПТ. Я по профессии газетный работник, т.е. культурно-просветительная [деятельность], и аульный учитель, по сословию бедняки-тузем[ные] дехкане. Был батраком у бая. Имущества никогда не имел и не имею в настоящее время. Живу[на] свой скромный заработок, по должности – секретарь газеты «Тльчи». Подробности моей биографии и положение приложено к этому заявлению.
С товарищеским приветом
Джансугуров
Резолюция: Пред[ложить] с 5-лет[ним]стажем 5 человек. Еще 2-х поручителей с 5-летным стажем […].
Примечание: И.Джансугуров вступил в коммунистическому партию по Ленинскому призыву, т.е. в момент массового вступления сочувствующих в партию, явившегося откликом на смерть В.И.Ленина.
ЦГАРК.Ф.1368.Оп.3.Д.64.Л.7.Ксерокопия.
Сол құжаттардың ішінде, Ілиястың өз қолымен жазған жеке парағы да сақталған.Ал Ілиясқа партияға өту үшін кепілдеме берген адамдардың ішінде, белгілі қаламгер Сара Есова мен қоғам қайраткері Абдулла Розыбакиев те бар.
№22
ИЗ ЛИЧНОГО ЛИСТКА КАНДИДАТОВ В ЧЛЕНЫ РКП(б)5
10 сентября 1924г.
Кандидатская карточка N1020, выдана Алма-Атинской городской организацией. Канд.Стаж с 2/Х 1924г. на «2» лет.
3.Фамилия Джансугуров
Имя Ильяс
Отчество Джансугурович
4.Пол Мужчина
5.Родился в 1894г
- Разговорный язык киргизский
7.На каких языках, кроме того, свободно говорите Помалу-на русском
8.Число членов семьи при Вас (не включая Вас самого) Иждивенцев ...жена, работников
9.Образование: а) грамотны ли (да-нет) Грамотен
б) Если учитесь, то где, как долго окончили курс или сколько классов прошли – Окончил двухгодичные курсы при Ташкентском киргизском институте просвещения в 1920-21г.г
10.Социальное и национальное происхождение – отношение к вам:
Дед с отцовской стороны бедняк, киргиз
Отец -«-, -»-
Мать [...] –»-
11.С какого возраста живете своим трудом:-С 17-ти лет; по найму или в своем хозяйстве (подчеркните) был батраком у бая (кулака)
12.Основная профессия или специальность - газетная работа.
Сколько лет работаете по этой профессии - четыре года в Советской и пролетарской печати, литературная и педагогическая [деятельность].
13.Основной источник средств к существованию до 1914 – Своим и отцовским трудом. С 1914 г по 1917г.-своим. С 1917г. До сих пор - своим трудом.
14.С какого времени вы член профсоюза – с1921г.
15.Принимаете ли участие в настоящее время в профработе и какое именно – сейчас в Рабпросе и секции журналист[ов].
- Служили ли в армии (указать когда, род оружия, звание должность, участвовал в военных действиях в какой войне)…а) Царской армии - нет; б/ Красной армии - не был; в/ в белой, зеленой армиях – нет.
- Если участвовали в революционной работе до 1917 г. Включительно, то где, в какой области работали, как долго – нет.
- Подвергались ли репрессиям за революционную деятельность до Октябрьской революции – не был.
- Привлекались ли к судебной ответственности перед судами РСФСР – не был
22.Работе с 1917 г. (указать только опред. Длительную менее 3 месяцев).
Когда |
Где |
В каком учр. или предпр. |
Должность /род работы |
С 1917 по 1919г. |
Капальский уезд |
Аксуйская волость |
Чернорабочий |
С 1919г по 1921г |
Ташкенте |
Киринпрос и редакция «Акжол» |
Учился (вместе с учеб[ными] занятиями был газет-[ным] работником) |
1921-1923г.г |
Аксуйская волость Талды-Курганский уезд |
Бельтоганский мектеб |
Аульным учителем |
24.12.1923-1924г. до сего времени. |
г.Алма-Ата |
Редакция «Мектеб», газета «Тльчи» |
Ответственным редактором |
С 23.02.1924г |
|
Киргизский институт просвещения |
Директором |
- Кроме того, указать главнейшую работу, не связанную с исполнением той или иной должности с 1917 г., специальные поручения, участие в комиссиях, обследованиях и.т.п.
Работал в комиссии по собиранию кир[гизской] литературы 1920г. Агитатором по заготовке фуражного фонда для скота кочевого населения по командировке Наркомзема Туркестана в 1921г.o
24.Сохраняете ли связь с деревней (да - нет) -нет
Подпись Джансугуров
Фамилия, имя и отчество |
Партстаж |
№ партбилета |
Подпись |
1.Есова Сара Сатбаевна |
С 1920г. |
Вр 79 №818 |
Есова |
2.Умбетбаев Бейсембай |
С 1918г |
370373 |
Умбетбаев |
3.Баймаков |
С 1920г |
ЧЧ908 |
Баймаков |
4.Ш.Хасанов |
С 1919г |
379107 |
Хасанов |
5.Киреев |
С 1918г |
389389 |
Киреев |
6.Розыбакиев Абдулла Ахметович |
С 1918г. |
369260 |
Розыбакиев |
7.Бабаев |
С 1918г. |
368727 |
Бабаев |
¹Так в тексте
²Разница в заголовках документов о вступлении в партю объясняется тем, что Туркреспублика была упразднена осенью 1924г. в связи с национально-территориальным размежеванием в Средней Азии.
3«Акжол» - газета, орган ЦК КПТ, выходило на казахском языке в 1920-1924 г.г., в дальнейшем «Ленин жолы» - орган Сыр-Дарьинского губкома РКП (б)
4 «Тльчи» (Тілші) – основано в 1918 г., называлась «Жетісу ішши халық мүхбірі», 1919г. – «Көмек», 1920г. – «Ұшқын», 1922-1922г.г. – «Кедей еркі», 1922-1929 –«Тілші», 1929-1934г.г. – выпускалась вместе с газетой «Еңбекші қазақ», 1934-1954г.г. «Сталин жолы». Ныне газета «Жетісу».
ЦГАРК.Ф.1368.Оп.3Д.63.Л.41.Ксерокопия
Оқуға жүрер алдында Ілиястың жүріп тұруы мен өзін ұстауы қандай күйде болғандығын қоғам мен орта жан-жақты бақылағанның күәсі ретінде мына құжаттың бар екендігін көрсетудің еш артықтығы жоқ.
№32
ХАРАКТЕРИСТИКА НА И. ДЖАНСУГУРОВА
24 марта 1925г.
Джансугуров Ильяс – директор Киринпроса, является фактически руководителем работ. Имеет литературное способности. Руководить работой может, политическую ориентировку имеет. Может быть выдвинут на более ответственную работу в губернском масштабе. Выдержан, дисциплинирован. (Работник просвещения).
ОСНОВАНИЕ: Постановление президиума ГИКа № 34 от 24.03с.г.
Председатель губгорисполкома
И.Кошкунов
Секретарь Надъярных
ГААО. Ф. 489. Оп. 2. Д. 19. Л. 39. Подлинник.
Ілияс осындай үлкен тексерістен өтіп, партия мүшелігіне өтіп, еңбегі сің-дау, енді өтініш жазуға пісіп жетілген сәті туды-ау дегенде, арман еткен оқуына бару үшін төмендегі жазған құжатына кезігеміз:
№60
ЗАЯВЛЕНИЕ В ДЖЕТЫСУЙСКИЙ ГУБКОМ РКП (б)
О НАПРАВЛЕНИИ НА УЧЕБУ
22 июня 1925
В дореволюционное время я не получил никакого образования. В революционное время, благодаря бедности, я не мог поступить ни в какое учебное заведение и занялся самообразованием. Полученного таким образом образования недостаточно. Это я чувствую сам по себе, это давали и дают чувствовать те учреждения, в которых я работал и работаю (был директором Киринпроса, сейчас губинспектором НКП)
Мне хотелось бы получить образование, поэтому прошу губком РКП (б) предоставить мне одно место из разверстки, долженствующей быть присланной из центра.
Надеюсь, что моя работа, которая при моем образовании для меня была чрезвычайно трудной, при соввласти даст мне надежду, что просьба моя не будет отклонена.
При сем прилагается анкета. Джансугуров
Пометка А.Розыбакиева: В дело отборкома. 28. 06. 1925г.
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л: 6. Ксерокопия.
Арман еткен, талай жыл күткен оқу орнына бару құжаты тек бір айдан кейін шешіліп, оқуға аттануға рұқсат алады, бұл құжат №64.
ВЫПИСКА ИЗ ПРОТОКОЛА N 2 ЗАСЕДАНИЯ ОТБОРОЧНОЙ И СТИПЕНДИАЛЬНОЙ КОМИССИИ ПО КОМПЛЕКТОВАНИЮ ВУЗОВ.
16 июля 1925г¹
СЛУШАЛИ: телеграмму Казкрайкома РКП (б) за № 1698 о посылке курсантов в Академию ком[мунистического] воспитания в г. Москву.
ПОСТАНОВИЛИ: Послать т. Джансугурова.
Утверждено протоколом № 26. пункт 10, заседания секретариата Джетгубкома РКП (б) от 11 июля 1925г.
Подлинный за надлежащими.
Выписка верна:
Секретарь агитпропа Джетгубкома РКП (б)
Корицкий
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 25.
Елінде өз отбасы, яғни әйелі Аманша Берентайқызы қалмақ. Оның жайы қалай болмақ, ол туралы да жан-жақты ойластырылған және оған өкіметтің де көмегі тиюі қажет. Онсыз алыста жүріп, қалай оқымақ? Деректерге сүйенсек, Аманша қазіргі Еркін ауылыда (Ол тұста Садық-Сыдық ауылы) тұратын Балдыбаланың жанында қалады. 1920 жылы өзінің досы және кеңесшісі Біләл Сүлеевтің талабымен, Ілияс оқуға Ташкент қаласындағы қысқа мерзімді мұғалімдер курсына түсті. Оқуы біткен соң ол туған ауылына қайта оралып, біраз уақыт Белтоған ауыл мектебінде сабақ берген. Сол жерде ол өзінің екінші жарын Аманшаны кездестірді. Аман Берентайқызы 1903 жылы дүниеге келген. Жанұясында кіші баласы болғандығынан ата-анасы оны еркелетіп Аманша деп атаған.
Алайда Аманшаның денсаулығы әлсіз болғандықтан 1925 жылы Ілияс Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік журналистика институтына жолдама алған кезде Аманша ауылында қалды. Саят Жансүгіровтің айтуы бойынша, Аманша Ілияс үшін масыл болғысы келмеді. Ілияс Мәскеуге аттанғанда Аманшаның аяғы ауыр болған. Бірақ Аманшаның денсаулығы нашарлап, толғақ кезінде дүние салған. Ілияс сол уақытта Мәскеуде оқуын оқып, жан-жарының өлімі туралы білмеген. Ілияс Жансүгіров Мәскеуден ауылына оқу демалысы кезінде оралған. Қуанышқа толы Ілияс қолында сүйіктісіне сыйлық ұстап келе жатқан. Әйелінің өлімі туралы естігенде ол жан түршігерлік жағдайға түсті. Аманша Ілиясқа өзінің сақиналарын және қысқа хат қалдырған. Сол хатта «Ілияс. Осы сақиналармен басқа да заттарды саған қалдырамын. Оларды сақта. Осы жарық әлемде мен жарқырап... өштім. Сен менің қасымда болмадың. Мен сені көре алмадым. Қош!» деп жазылған.
№ 66
ВЫПИСКА ИЗ ПРОТОКОЛА ЗАСЕДАНИЯ ИСПОЛБЮРО ДЖЕТГУБКОМА РКП (б)
10 августа 1925г.
СЛУШАЛИ: заявления т.т. Тажибаева и Джансугурова (докл. Т. Барибаев)
ПОСТАНОВИЛИ: Признать необходимым обеспечение семей т.т. Тажибаева и Джансугурова на время их учебы.
Вопрос о средствах поручать выяснить т.т. Барибаеву и Кошкунову.
Выписка верна:
Секретарь исполбюро Ряднин
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 29. Подлинник.
№69
ИЗ ПРОТОКОЛА ЗАСЕДАНИЯ ПР
Пікір қалдыру