Қазіргі уақытта Қазақстанда құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Бірақ біз құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанына бір сәт назар аударамыз да, ол қалай жасалынуда? Ол жағына мән бере бермейміз. Әрине, құрылыстың сапалы болуы ең алдымен оны салып жатқан құрылысшылардың жауапкершілігіне байланысты. Десек те, біз кешегі күнге дейін Кеңес Одағынан қалғанқұрылыс стандарты мен нормативтік ережелер бойынша жұмыс істеп келдік. Әрине, заман озып, нарық жаңарып барады. Сондықтан құрылыс саласына да басқа жаңа көзқараспен қарау керек. Ескі жүйе келмеске етті. Осыған байланысты еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс саласын жаңа стандартқа көшіру қажеттілігін атап көрсетті. Еліміздің стратегиялық құжаты есебінде болған «100 нақты қадам. Ұлт жоспары» бұл жерде көп нәрсені айқындап берді. Ең алдымен осы құжатқа сәйкес жаңадан заңдар қабылдау қажеттілігі туды. Бұл өз кезегінде өзекті де еді. Өйткені ескі заңмен өмір сүруге болмайды. Нақты айтқанда, кез келген нәрсені бастау үшін алдымен құқықтық негіз керек. Ал елімізде экономика дамып, әл-ауқатымыз көтеріліп, демографиялық өсім артып бара жатқан тұста алдымен адамға не керек? Баспа, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандар. Ал оның барлығының да сапалы салынуы үшін біріншіден, ескірген ережелерден құтылу қажет. Ұлт жоспары осыны осыны нақты көрсетіп берді. Бұрынғы ескі нормативтың құқықтық актілермен құралыс салуға болмайтынын уақыт дәлелдеді. Атап айтар болсақ, 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 49 – қадамы құрылыс саласына жаңа роформа, жаңа нормативтік нұсқаулықтар мен ереженің қажет екендігін көрсетті. Сонымен, 100 нақты қадамның 49-қадамында не айтылған?
Сауалды төтесінін қойсақ, 49-қадам Қазақстанның құрылыс саласына не береді? «Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген формалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді», -делінген Ұлт жоспарының 49-қадамында.
Ал ескірген ережелердің орнына еурокод жүйесін енгізу деген не? Біз мұны қалай түсінеміз? «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес еурокодтар жүйесі Қазақстанда 2015 жылдың шілде айынан бастап енгізіле бастады. Бұл құрылыс саласына қажетті нормативтік жаңа құжаттар. Атап айтар болсақ, бұл – құрылысты еуропалық стандарттарға енгізу, яғни қарапаайым тілмен айтқанда, құрылысты жобалау жұмыстарынан бастап, қандай материалмен салынатынына дейінгі аралықты қамтиды. Ақиқатын айтқанда, бәрі стандартқа сай, сапалы салынуы қажет. Еуропалық Одаққа мүше елдердің барлығы да осы жүйе бойынша жұмыс істейді. Қазақстанның еурокод жүйесіне ауысып жатқаны бекер емес. Әрине, құрылыс салу немесе қандай да бір нысанды немесе тұрғын үйді салу үшін бірнеше жылдар қажет. Ал оның техникалық негіздемесін алу үшін оған көп уақыт кетеді. Енді еурокод жүйесі енгізілсе, оған соншалықты көп мерзім кете қоймайды. Әрине, құрылыс үшін қашан да уақыт құнды. Өйткені кез келген нысанды уақытында, мерзімінде бітіру деген бар.
100 нақты қадам Ұлт жоспарына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың соңына дейін еурокод жүйесіне көшу толыққанды аяқталады. Ал 2020 жылдан бастап бүкіл Қазақстанның құрылыс саласы осы жоба бойынша жұмыс істейтін болады.
Әрине Қазақстанның құрылыс саласына еурокод жүйесін енгізу бірден жүзеге аса қойған жоқ. Ең алдымен дайындық шараларына уақыт кетті. Алғашқы кезең 2010-2014 жылдар аралығын қамтыды. Бұл уақытты әрине дайындық кезеңі деп атауға болады. Ал екінші кезең 2015-2019 жылдар аралығында жүрді. Бұл кезеңде арнаулы құжаттар мен нұсқаулықтар әзірленді. Жоғары оқу орындарында арнайы мамандар даярланды, тіпті білім алған мамандардың өздері еурокод жүйесінің енгізілуіне байланысты қысқа мерзімдік қайта оқу курсынан өтті.
Әрине, бұл жерде мына бір мәселені ескерген жөн. Еурокод жүйесін оның стандарттарын толыққанды көшіруге болмайды. Әрине, құрылыс нысандарын салуда Қазақстанның өзінің климаттық ерекшелігі бар. Сондықтан көп жағдайда еурокод жүйесі Қазақстанның жағдайына сәйкестендірілді.
Ендеше еурокод жүйесінің қандай артықшылығы бар, еурокод бізге не береді?
- Құрылысқа қатысты талап, бақылау қатаңданады.
- Құрылыстың салыну сапасына баса мән беріледі.
- Құрылысты салу мәдениетіне бұл жүйе толыққанды ықпал ететін болады.
- Енді мердігерлер арзан материалдар алуға ұмтылмайды. Нысанды сапалы материалмен салады.
- Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау уақтысында беріледі.
- Еурокод жүйесі қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
- Құрылыста жоғары жаңа инновациялық технологиялар қолданылады.
- Қазақстандық құрылыс фирмалары тіпті шетелдің нарығына шығуға мүмкіндік алады.
- Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жекеменшік нарыққа беріледі. Бұл өз кезегінде жұмыстың жедел жүзеге асуына мүмкіндік береді.
- Нысанды тапсыру кезінде оны пайдалануға беру үшін енді мердігерлер рұқсат алу үшін ондаған мекемелерге жүгірмейді. Олардың саны күрт қысқарды.
Әрине, Қазақстанның нормативтік құжаттарының еуростандартқа көшірілуі құптауға тұрарлық іс. Жалпы еурокодтың жүйенің 1975 жылы енгізілгенін айта кетейік. Жалпы құрылыс салуда Еуропаның да климаттық ерекшеліктері бар. Әр ел өздерінің ыңғайына қарай нормативтік құжаттарды икемдеген. Бірақ талап-ортақ. Ол –сапалы құрылыс салу.
Әрине, құрылыстың яғни салынатын нысанның негізгі қаңқасы тұрғызылғанымен, оның сыртын әрлеу, сырлау жұмыстары уақыт өте келе өзгере береді. Бұл –заңдылық. Бірақ еурокод жүйесіне көшкеннен кейін құрылыс нормалары мен оның ережелері қатаң сақталынады. Сырттан келген инвестор егер елімізде үй немесе басқа нысандарды салатын болса, осы ортақ нормативтік ережелер мен қабылданған ортақ стандарттың негізінде жұмысын істейді және жалғастырады. Әрине, кеңестік жүйеден қалған құрылыс стандарты кешеге дейін пайдаланып келді. Дегенмен, еурокодтың артықшылығы, ғимараттар өртке төзімді және берік, құрылыстың негізгі тұрғызылған қаңқасы қауіпсіз. Ең бір артықшылығы, еуропалық стандартармен жұмыс істейтін құрылыс компаниясы әлемнің кез келген нарығына шығып, құрылыс жұмыстарымен айналыса алады. Тіпті дайын өнімдерін де саудалауға құқылы. Сондықтан келер жылдан бастап, еурокодтық жүйеге көшетін қазақстандық құрылыс компаниялары жұртшылыққа қауіпсіз әрі сапалы нысан мен тұрғын үй салады дегенге бек сеніміз.
Пікір қалдыру