Азаматхан Әміртай: Табиғи өнімдерімізді елге емес, шетелге сату тиімді

/image/2023/11/07/crop-103_58_741x988_632ecb937c792.jpg

– Сіз «өзіміздің отандық өнімдерді экспортқа шығарып, қытайдың химикат қосылған тағамдарын тұтынамыз» деген бастаманы көтердіңіз. Шынында да, біз отандық өнімдерді экспортқа шығарғанымызбен, одан түсетін қаржы экономикамызға үлесін қоса алады ма?

  • Өзіміздің табиғи өнімдеріміз көбіне Ресейге, Өзбекстанға кетеді. Себебі, шаруашылықтарға қымбатқа сататын болғандықтан, өзіміздің нарығымыздан гөрі шетелге сатқан тиімді. Ал ішкі нарыққа келсек, біз Қытайдан келетін өнімдерді көп тұтынамыз. Бағасы да төмен. Себебі, онда химикат қоспалар өте көп. Ал экспортқа шығып жатқан тауарлардан мемлекетке түсіп жатқан пайда өте зор. Кемшілігі де бар. Яғни, халық таза табиғи өнімдерді көп тұтынбағандықтан, түрлі ауруларға бейімделгіш болып кетті. Сол себептен, бұл мәселе ауқымды болып тұр. Парламент отырысында «Байтақ» партиясы таза өнімдерге қатысты бастаманы көтеріп, «Экологиялық таза өнімдер» деген стандартты енгізуге қатысты ұсыныс тастады.

Екінші мәселеген келсек, біздің шаруа қожалықтары үлкен өнімдерді өндірмейді. Өндіргенде де аз мөлшерде өндіреді. Ол өзіндік құнының көтерілуіне әкеледі. Одан кейін Ресейден, Өзбекстандағылар шаруа қожалықтарымыздың егістіктерінен тіке фураларына тиеп алып кетеді. Оның тиімділігі де сол, шаруақожалықтарымыз ешқайда тасып әуре болмайды. Ал ішкі нарықта қалааралық логистикалар да бағаның өсуіне әсер етеді.

  • Сондай-ақ алдағы уақытта «су тапшылығы болады» деген болжамдар айтылып жүр. Бұл да бір күні ауыл шаруашылығының дамуына, таза өнімдердің азаюына себеп болмайды ма?
  • Әрине, су тапшылығы туарлы болжамдар қазіргі таңда көп айтылып жүр. Ол мәселе қазір де бар. Мысалыға, Түркістан облысы Келес ауданы, Ынтымақ ауылы бар. Онда 3 мыңдай адам тұрады. Кезінде олар 1000 гектарға егін егіп жүрген. Қазір су көлемі 350-400 гектарға ғана жететіндіктен, 400 га, ары кетсе 500 га жерге ғана егін егеді. Жамбыл облысында да құрғақшылық болып жатыр. Сондықтан бұл мәселе жүйелі түрде шешілуі керек. «Байтақ» жасылдар партиясы су министрлігі туралы бастама көтеріп, Су министрлігі құрылды. Сол бойынша су дипломатиясын құрып, су мөлшерін егістіктерге бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тапшылығы шешілу үшін бұл жұмыстар аз десе де болады. Яғни, көп қаржы бөліп, су дипломатиясын құрып, қар суларын жинақтап, дұрыс пайдалана білсек, кәріздерді тазартып, ондағы суды қайта пайдалану су тапшылығының алдын алуға әсер ететін еді. Бұл мәселелермен қазірден бастап айналыспасақ, ертең бәрі кеш болады.
  • Қазіргі таңда ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің басты мәселесі не деп ойлайсыз?
  • Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің ең басты мәселесі – су тапшылығы. Негізі су бар. Бірақ суды шаруашылықтарға бөліп беретін арнайы каналдар қалыптаспаған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына қаржыландыру мәселесі жетіспейді. Яғни, пайызсыз қаржы бөлу, шаруашылықтардың өнімдерін дұрыс тұтынушыға жеткізу жүйесін қалыптастыру керек. Оған логистика, монополистерді кіргізбей әр шаруа өз өнімдерін базарға қойып, сата алатындай жағдайлар жасалынуы керек.
  • Саясаткер ретінде азық-түлік өнімдерінің қымбатшылығына қатысты не айта аласыз?
  • Бұл жерде көп мәселені айтуға болды. Ең бастысы, біздің мемлекетіміз ішкі нарықта сұраныстағы азық-түлікпен өз-өзімізді қамти алмай отырмыз. Сондай-ақ ең үлкен қателік – статистика. Мысалы, ауыл шаруашылғы бойынша өнімдерді өндіру статистикасы бойынша әруақытта дефицит бар. Соған байланысты азық-түліктің қымбаттауы нарықта ашық бәсекелестің жоқтығынан. Яғни, тек қана монополистердің сырттан сатып алып келетін тауарларға мүмкіндік бар. Сол үшін азық-түлік мәселесін мемлекеттің өзі бақылауға алуы керек. Бұл мемлекеттің қауіпсіздігі. Сол себептен, мемлекет азық-түлік позициясын өзгерпеуі керек. Әрі таза табиғи тағамдармен қамтамасыз ете отырып, ішкі нарықтың осы уақытта дамуын қалысптастыру қажет. Ол үшін инфрақұрылым, логистика, ішкі кәсіпкерлік, шаруашылықтардың дамуы қарастылылуы маңызды. Одан бөлек, халықтың әлеуметтік жағдайын көтерсе, халық та таза, табиғи тағамдарды сатып алуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар тамақты дұрыс таңдау мәдениеті де қалыптасады. Өйткені тағамның таза болуы адамның денсаулығының жақсы болуына әсер етеді. Осы орайда, санитарлық мекемелердің де жұмысы нақты болуы керек.

Сұқбатыңызға рақмет!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар