Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азаттық радиосының тілшілеріне аккридитация бермей жатыр дейді.
Яғни, шетелден қаржыландырылатын БАҚ Қазақстанда жұмыс істемесін деген мақсатта-мыс.
Бірақ шетелден ақша алатын жалғыз Азаттық емес екенін неге ескермейді деген сұрақ туындайды. Бізде ресейлік Спутник секілді басқа да шетелдік БАҚ-тар жұмыс істейді.
Азаттық журналисі Аян Қалмұраттың сөзіне келсек, ол Азаттық тілшілеріне «елдің ұлттық қауіпсіздіне қатер төндірді» деген себеппен аккридитация берілмей отырғанын айтады.
– Азаттықтың қанды қырғын еңбегіне куәсіздер. Менің бар арман-мақсатым сөз бостандығы жоқ елде басқа әріптес ерікті де еріксіз көрсептей отырған жайттарды көрсету еді. Осы жұмысымды Қазақстан билігі «елдің ұлттық қауіпсіздіне қатер төндіру» деп санап отырған сияқты. Маған сыртқы істер министрлігі биыл акккредитация берген жоқ. мен өз елімде заңды түрде журналист ретінде жұмыс істей алмаймын. Журналист ретінде билік өкілдеріне, полиция мен сотқа сұрақ қоя алмаймын. Мен ғана емес, Азаттықтағы 35 әріптесіме министрлік аккредитация беруден бас тартты.
Аккредитация неге бермей отыр, мақсаты не дейсіз ғой... Кеше мәжілістің екі депутаты – Никита Шаталов пен Анас Баққожаев ұсыныс айтты. Олар айтқан норма бойынша, бұдан былай Қазақстан билігі шетелдік БАҚ пен оның журналистері «елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірді» деп тапса, басылым мен ондағы журналистерге аккредитация бермей қоя алады. Артынша аккредитациясы жоқ басылым мен оның тілшілеріне журналистік қызметпен айналысуға тыйым салады. Мен шок боп ес жия алар емеспін. Қазіргі билік Қазақстанды қандай елге айналдырмақ?, – деді Аян Қалмұрат.
Ал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан тәуелсіз журналистикаға тосқауыл қою – сөз еркіндігін құрту дейді.
– Шыны керек, Азаттық радиосының тілшілерімен келісетін де, келіспейтін де жайымыз болған. Ол заңды нәрсе. Бірақ сөздің еркіндігі – басты қағида. Азаттықты жауып тастаса – елімізде ашықтық әлбетте азаяды. «Ауруын жасырған өледі» деп бекер айтпаған қазақ атам. Сол үшін ақпарат министрлігінен госзаказ алмай жұмыс істейтін журналистер көп болса, соғұрлым еліміз мықты болады. Азаттықтарда заңды аккредитация болуы тиіс, жалпы, тәуелсіз журналистиканы қолдауымыз керек, – деген пікірін білдірді.
Пікір қалдыру