Тұрғын үйлердің кіреберісіне QR кодтар жаппай ілінген: Мамандар алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

/uploads/thumbnail/20250124105129194_big.webp

Елімізде тұрғын үйлердің кіреберісіне тұрғын үйдің мәселесін талқылаймыз деген желеумен QR кодтар ілінген. Алайда ол алаяқтардың айласы болуы мүмкін дейді.

"Үйімізге қатысты мәселелерді талқылауға арналған телеграм арна ашылды. Топқа қосылу үшін төмендегі QR-кодқа өтіңіз" деген жазумен қағаз ілінген. Алайда Ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығы сарапшыларының айтуынша, жалған QR арқылы кодтар ұялы телефондағы контактілер мен жеке аккаунт айлакерлерге өтеді. Сондықтан полицейлер жалған сілтемелерден сақ болуға шақырады.

“Сіз QR кодты сканерлегеннен кейін сайт ашылады. Сол сайтты ашқаннан кейін сізден белгілі бір ақпарат сұралады. Мысалы банк картаңыздың реквизиттерін сұрауы мүмкін. Егер сіз реквизиттерді енгізсеңіз, бірден алаяқтардың қолына түсіп, картаңыздан ақшаны шешіп алуы мүмкін. Жеті рет өлшеп, бір рет кес дейді. Сондықтан дерегіңізді енгізбес бұрын бірнеше рет өзіңізге сұрақ қойып, одан кейін ғана шешім қабылдаңыз”, – деді ақпараттық қауіпсіздік маманы Диас Әбдіғазизов.

Егер жалған QR-кодты сканерлесеңіз, бірден банкке қоңырау шалып, есепшоттарыңыздың құпия сөзін өзгертуіңіз қажет. Сондай-ақ интернет арқылы төлемнің өшіп тұрғанын тексеріңіз.

Қазақстандықтар бір жылда алаяқтарға шамамен 11 миллиард теңгеден астам ақшасын берген. Finprom.kz. сайтының мәліметіне сүйенсек, айлакерлердің 25% азаматтармен телефон арқылы сөйлесіп, қаржысын жымқырған екен. Халықтың 18 % жуығы әлеуметтік желілер арқылы сан соғып қалған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар