Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

/uploads/thumbnail/20250428115304013_big.webp

Соңғы 5 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3% - ға төмендеді. 

Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі, оның мақсаты – жұмыскерлердің құқықтары, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару. Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,3% - ға, бұрынғыға қарағанда қаза тапқандар саны 2,9% - ға азайды.

Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы "Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі". Әлемнің барлық аймағында үкіметтер, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер бірлестіктері және еңбекті қорғау саласындағы тәжірибе мамандары іс-шаралар ұйымдастырады, олардың шеңберінде еңбекті қорғау саласын жаңа технологияларды енгізу және цифрлық трансформациялау, қауіпсіз және салауатты өндірістік орта құру мәселелері қаралатын болады, - дейді ведомоства.

Халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласындағы ауқымды проблемалардың сақталуын айғақтайды – әлемде жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиға және 2 млн-нан астам адамның өмірін қиған 160 млн кәсіптік ауру тіркеледі.

Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1400-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі, оның 200-ге жуығы адам шығынымен аяқталады.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 15,3%, құрылыс саласында – 12% байқалады.

Елімізде 470 мыңнан астам жұмыскер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. 2024 жылы аттестаттау нәтижелері бойынша 679 мың жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істегені үшін түрлі өтемақы алды. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер 297,4 млрд теңге бөлді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,6% - ға көп.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар