• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:28:36
Алматы
+8°
 
Түркістан облысының шаруалары облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесе алмаған соң ерекше перфоманс жасады.
 
Желіде тараған видеодан ер адам бір топ шаруаға әкім хан секілді болды, оның шығуын ханға дат айтқандай, тізерлеп сұрайық деген сарында айтып жатқанын көруге болады. Артынша шаруалар бір кісідей тізерлеп "О, хан ием" деп дауыстай бастайды. Видео осы жерден үзіледі.
 
 
Жергілікті Otyrar.kz басылымының ақпаратына қарағанда жиналғандарға әкім бәрібір шықпаған. Тек әкім орынбасары мен басқарма басшылары түсіндіру шараларын жүргізген.
 
Басылым Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарламасына сүйеніп, видеодағы шағымданушылар Шардара, Төле би, Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы аудандарының шаруалары екенін хабарлады. Олар облыс басшысына әкім мақта бағасын тұтақтандыруға ықпал етсе деген тілекпен келген.
 
 
Баспасөз қызметі әкім шаруалармен 21 қыркүйекте кездескенін, облыстағы 209 мақта қабылдау пункті мен 22 мақта өңдеуші зауыт жекеменшік болғандықтан, оларды өнімді сатып алуға мәжбүрлей алмайтынын жеткізген. Мәселені шешу үшін, жергілікті әкімдік ауыл шаруашылығы министрлігіне мақта өндірісі үшін субсидия бөлуге ұсыныс жолдадық деп отыр. 
 
Шаруаларды толғандыратын тағы бір мәселе – жер дауына байланысты әкімдік жұртшылықты мәселе жеке қожалықтар арасында сот деңгейінде қаралып жатқандықтан, жергілікті атқарушы билік заң бойынша сот ісіне араласа алмайды деп шығарып салған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір