Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекелестері кім болып еді?

/image/2022/10/13/crop-10_15_668x1187_6311bbfcb21bf080841984.jpeg

Орталық сайлау комиссиясы алдағы президент сайлауына қатысуға құжат тапсырған 12 азаматтың 3-еуі заң талаптарына сәйкес келмейтінін, бір азаматтың құжаттарын тексеру тоқтатылғанын хабарлады. Егер қалған 8 азаматтың бәрі кандидат ретінде тіркеліп жатса, биылғы президент сайлауы 1991 жылдан бергі үміткер саны көп болған сайлау ретінде тарихта қалмақ. Ал сапа жағы қалай? Кандидаттар президент Тоқаевқа бәсекелес атана ала ма? Ол жайлы түйінді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тұсындағы сайлаулармен салыстыра отырып шығаруды оқырман еншісіне қалдырдық.

1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен сайлауға жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылып, 98,75 пайыз дауыс жинаған. Сайлаушылардың 1,22 пайызы қарсы дауыс берген.

 Фотоколлаж

1995 жылы 29 сәуірде өткен жалпы халықтық референдум нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылғы сайлауға 4 кандидат қатысқан.

Фотоколлаж

Сарапшылар Қазақстан коммунистік партиясыынң атынан түскен Серікболсын Әбділдин президент Назарбаевқа ымырасыз, тегеурінді бәсекелес болғанын айтады.

Сайлау қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев 79,78 пайыз, Серікболсын Әбділдин 11,7 пайыз, Ғани Қасымов 4,61 пайыз, Энгельс Ғаббасов 0,76 пайыз дауыс жинады. Серікболсын Әбділдин сайлау барысында және дауыс санауда көптеген заңбұзушылықтар болғаны, сайлау комиссияларының төрағалары бақылаушыларға кедергі келтіріп, Назарбаевқа жақтасқаны туралы мәлімдеді. Ал ОБСЕ Қазақстан өзіне алған міндеттемелерді орындауда көптеген заңбұзушылықтарға барды, ұсақ әкімшілік бұзушылықтарға бола ықтималды кандидаттарды шеттетті деп бұл сайлауға бақылаушы жіберуден бас тартты.

2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен президент сайлауында 5 кандидат тіркелді.

Фотоколлаж

Оған президент Нұрсұлтан Назарбаев, оппозициядан ортақ кандидат Жармахан Тұяқбай, Әлихан Бәйменов, Ерасыл Әбілқасым, Мэлс Елеусізов қатысты. Ресми нәтиже бойынша Назарбаев 91,15 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Оның басты оппоненті саналған Жармахан Тұяқбай 6,61 пайыз дауыс жинады. Өзге кандидаттардың жинаған даусы 1 пайыздың ар жақ бер жағында болды.

ОБСЕ сайлау процесіндегі бірқатар оң өзгерістерге қарамастан, сайлау барысы халықаралық стандартқа сай келмейтінін, оппозициялық кандидаттарға үгіт-насихат жұмысын еркін жүргізуге мүмкіндік бергеу, олардың жақтастарын қорқыту сияқты заңбұзушылықтар тіркелгенін хабарлады.

2011 жылғы 3 сәуірде өткен сайлауда Назарбаев 95,55 % пайыз дауыспен жеңіке жетті. Кандидаттар Ғани Қасымов, Жамбыл Ахметбеков, Мэлс Елеусізов 2 пайыз да жинай алмады.

Фотоколлаж

Назарбаев қатысқан соңғы сайлауға өзінен бөлек екі кандидат қатысты. Бұл науқанда Назарбаев 97,75% дауыс, кандидаттар Нұрғын Сыздықов 1,61 пайыз, Әбелғазы Құсайынов 0,64 пайыз дауыс жинады.

Фотоколлаж

ОБСЕ бұл жолы да қос сайлау барысы мен нәтижесін қатаң сынады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар