ОСК Ғабжалилов, Ергалиев Бизақованы кандидат ретінде тіркемеді, Әлтаевты тексеру тоқтатылды

/image/2022/10/13/crop-11_43_1430x2542_mycollages.jpg

Орталық сайлау комиссиясы Хайрулла Ғабжалилов, Талғат Ергалиев және Фатима Бизақованы президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. 

Комиссия бас тартуға аталған тұлғалардың мемлекеттік қызметте міндетті еңбек өтілінің жоқтығы негіз болғанын хабарлады. 

Хайрулла Ғабжалиловты "Асар" республикалық қоғамдық бірлестігі, Талғат Ергалиевті Қазақстан құрылысшылар одағы, Фатима Бизақованы "Тәжірибелік психология" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевтің президенттікке кандидат атануға сәйкестігін белгілеу рәсімін тоқтатты. Оған Астана қаласы Байқоңыр ауданы соты Әлтаевті ұсынған "Мұқалмас" бірлестігінің Әлтаевті кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасының  қолданылуын тоқтатқаны негіз болған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар