Тайынтыда ұлан-асыр той өтті

/uploads/thumbnail/20170709043047656_small.jpg

Ұлан ауданының Тайынты ауылында ұлан-асыр той өтті. Бұл той тарихқа «Орай шап» деген атпен қалған қанды оқиғаның 100 жылдығына арналды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген айтулы тойға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев пен Евгений Козлов қатысты. 

Үкілі жүйрігін жетелеп, үмітті балуандарын ерткен жұрт түс әлетінде бәйгетөбенің басына жиылды. Қонақтар әуелі ауылдың кіреберісіндегі Өскемен–Самар жолының бойына қойылған ескерткіштің ашылуына куә болды. Аудан әкімі Дәулет Батырбаев халықты ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығымен құттықтай келіп, дүбірлі тойды ұйымдастырған азаматтарға алғыс айтты. Ақын Абзал Қасенов отты жырмен шашу шашты. 

Қатысты Мақалалар