«Бол жанымда» деп ән шырқаған әншінің әйелі кім? (фото)

/uploads/thumbnail/20171019094852432_small.jpg

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Rixos Almaty қонақүйінде үйлену тойын дүркіретіп өткізген болатын. Танымал әншінің жұбайы туралы не білесіз? Бұл сауалдың жауабын Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әртістің шаңырақ құрғанына 3 жыл өтсе де, жұбайының кім екені бүгінге дейін жасырын болып келді. Төреғали Төреәлі сұхбаттарының бірінде бұл жайында былай деп пікір білдірген еді: "Сөзімде тұрдым деуге болады. Өйткені, мен үйлену тойын жасаған кезде мұқым қазаққа жария қылып, айтамын деп уәде берген едім. Сол уәдеде тұру керек, жігіттің екі сөйлегені өлгені. Оған бәрі таңғалып жүр. Келіншегімнің өзі сөйтіп таңғалып жүр қазір".

tengrinews.kztengrinews.kztengrinews.kztengrinews.kztengrinews.kztengrinews.kztengrinews.kztengrinews.kz

Әншінің әйелінің есімі Толқын Тұрарбекқызы. Жұп қазіргі уақытта екі бала тәрбиелеп отыр. Әншінің таныстарының сөзіне сенсек, Толқынның жасы 25-те. Және ол  Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің бакалавр мен магистратурасын тәмамдаған. Төреғали Төреәлі бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде әйеліне жұмыс істетпейтінін айтқан. "Қоғамға қыз балалардың жұмыс істегені керек шығар. Бірақ, әйел адамның өмірдегі ең басты мақсаты мен міндеті - үйде отырып нан жабу, бала табу. Оларға одан ауыр жүк жүктемеу керек", - деген еді. Екі жасқа бақытты ғұмыр тілейміз!

Қатысты Мақалалар