Интернетте елімізге атақты әнші, марқұм Батырхан Шүкеновтың төл құжаты сатылымға қойылыпты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
OLX сайтында әнші Батырхан Шүкеновтың төл құжатын 1000 теңгеге сатылымға шығарып хабарландыру беріп қойған. Хабарландыру авторы «Құжаттың ешқандай да заңды күші жоқ. Тек елдің есінде мәңгі сақталған әншіден қалған зат. Қолтаңбадан жақсы, түпнұсқа», - деп жазып қойыпты.
