Алматыда «Поэзия қағаны – 2017» поэзиялық дуэлі өтеді

/uploads/thumbnail/20171121124654674_small.jpg

Алматыда «Поэзия қағаны – 2017» поэзиялық дуэлі өтеді. 22 қарашада Алматы қаласында ерекше жыр кеші өтпек. «Поэзия қағаны – 2017» көшпелі поэтикалық дуэльде алматылық үздік жас ақын анықталады.

Жеңімпазды қазақ поэзияның ірі өкілдері анықтайды. Оған берілетін жүлде қоры да қомақты - 250 000 теңге. Ендеше, кескілескен ұрыс болмаққа керек. Бұдан да басқа қызықты жаңалығы көп осынау жыр кешінен қапы қалмаңыздар!

Дүбірлі кеш Алашорданың 100 жылдығына арналады. Алдыңғы буын ағалар мен кейінгі буын інілердің дені осы жиынның қонақтары болады. Кештің тізгіні - қазақтың аяулы ақыны Ерлан Жүністе.

Қатысты Мақалалар