Қазақстанда қартайғысы келгендер үшін: зейнетақыңыз қанша болмақ?

/uploads/thumbnail/20171123174641982_small.jpg

Кеше Зейнетақы жүйесі туралы ақпарат тарату мақсатымен ашылған тәуелсіз enpi.kz пен 7kun.kz сайты ұйымдастырған журналистерге арналған отырыс өтті,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қазақстандағы зейнетақы жүйесі қандай? Оның кемшіліктері мен артықшылықтары, болашақ зейнеткерлерді алаңдататын өзекті мәселелер мен зейнетақы төңірегіндегі даудың туу себептерін Freedom Finance Қамқоршылар Кеңесінің жетекшісі, белгілі қаржы сарапшысы, журналист, коммуникация маманы Бота Жұманова түсіндірді.

Бота Жұманова

«Сіз болашақта қанша көлемде зейнетақы алатыныңызды білесіз бе? Бұл мәселеде үлкен гәп бар себебі, біріншіден, қызметкерлер өте аз ақша жинауы мүмкін. Екіншіден, қаржыны дұрыс басқара алмау.

2016 жылдан бастап, зейнетақы қорын бақылап жүремін. Сіздің инвестициялық қаржыңыз осынша соманы құрайды деген ақпаратты біліп отырамын. Ал елде болған инфляция жөнінде ешқандай жаңалық айтылған жоқ. Инфляцияға дейін менің шотымда шамамен 8 миллионға жуық қаржы болған. Ал доллар бағамы күрт жоғарылағанда менің зейнетке жинаған қаржының көлемі екі есеге азайды.

Зейнетақы қорын басқарып отырған қаржы мамандары халықтың жиған-тергеніне немқұрайлы қарап, оны тек теңгеде сақтаған. Алайда, өздерін білікті маман ретінде санайтындар, зейнетақыны теңгеде емес, доллар немесе басқа да сенімді валютада сақтауына болар еді», -деп бастады сөзін Бота Жұманова.

Ия, әрине, инфляция кезінде тек Бота Жұманованың ғана емес, баршамыздың жиған-терген зейнетімізге әсер етті.

«Осы жағдайдан кейін түйгенім, қазақстандықтардың болашағына, зейнетақы қорына шынында да жаны ашитын ұйым құру керектігі. Сондықтан, 2016 жылдың қаңтарында әрбіріміздің қартайғанда алаңсыз өмір сүре алуымызды қамтамасыз ететін Freedom Finance Қамқоршылар Кеңесін құру іске асырылды.

Ал 2016 жылдың маусымында зейнетақы нарығын дамытатын жобаны таныстырдық. Зейнетақы қорының жұмысымен тығыз қарым-қатынас орнатып, оларға әсер етудің мақсатында 2017 жылдық ақпанында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ -ң кеңесіне мүше болдық. Кеңесте айтарлықтай нәтижеге жете алмағаннан соң, 2017 жылдың сәуірінде оның құрамынан шығуға тура келді.

Кеңес құрамында болғанда ұсыныс айтқанымда, «сіздің қаржылық білміңіз жоқ» немесе «сіз осы мәселені көтеруге ғылыми дәрежеңіз болу керек» деген сылтаулардан кейін заң магистрі атануды мақсат еттім. Магистрлік диссертацияны «Зейнетақы қоры инвестиция объектісі» деген тақырыпта қорғап шықтым.

Осыдан соң, зейнетақы тақырыбын көтеруге дәрежем жеткілікті болған уақытта enpi.kz (Бірыңғай жинақтау ақпараттандырушысы) сайтын құрып, 2018 жылдың маусым айынан бастап сайтты гранттар ғана емес, басқа да қаржыландыру көздерін пайдалана отырып, тұрақты түрде жүргізуді көздеймін».

Бота Жұманованың бастамасы зейнетақы қорын жинақтап жүрген үлкен-кішіге ортақ мәселе екендігін ұмытпай, enpi.kz сайтына жарияланған ақпаратпен таныс болып жүріңіздер. Себебі, Бота Жұманова халықтың қамын ойлап, аталмыш жобаны іске асырып жүрген қазақтың қамқоршы қызы.

Қатысты Мақалалар