ОҚО үйлерінің бірінде бүтіндей бір отбасы өлі күйінде табылды

/uploads/thumbnail/20171125113415520_small.jpg

Шымкентте тұрғын үйлердің бірінде бір отбасы өлі күйінде табылды. Қайғылы жағдай қала шетіндегі Таскен ауылында болған. Бұл туралы Казинформ хабарлайды.

Облыстық баспасөз-хатшылығының мәліметінше, отбасында күйеуі мен әйелі және олардың 5 жастағы балаларының денелері табылған. Бұл жағдай туралы құқық қорғау органдарына отбасының  көршілері хабарласып айтқан.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция үш адамның мәйітін тапқан. Белгілі болғандай, ол  күйеуі мен әйелінің (1976, 1983 жылы дүниеге келген) және ұлдарының (2012 жылғы) денелері болып шыққан. Зерттеу кезінде бұл қылмыс емес екені анықталды, себебі ұрлықтың, зорлықтың іздері табылмаған.

Құқық қорғау органдары отбасының жылыту пешінің газынан уланған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. «Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша қаза тапқандардың өілімінің себебі анықталатын болады»-делінді ОҚО ІІД баспасөз-хатшылығының жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қатысты Мақалалар