БҚО-да жаңа мектеп пайдалануға берілді

/uploads/thumbnail/20180125183232049_small.jpg

Бүгін БҚО-ның Ақсай қаласында Березов жəне Бестау ауылдарынан көшіп келген тұрғындарға арнап салынған Аралтал шағын ауданында Ақсай қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектебі ашылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. 300 балаға арналған білім ошағында спорт залдары, асхана, зертхана кабинеттері мен шеберхана, сондай-ақ шағын орталық жұмысына арналған арнайы орындар қарастырылған. 
БҚО мектеп

Оқу ордасының ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұлов қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, ең бастысы – оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

Ол өз сөзінде Елбасы биылғы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағытында еліміздегі білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, бұл істе озық жүйені қалыптастыру керектігін айтқанына тоқталды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да мемлекеттің алға дамуы тек білімнің салтанат құруы арқылы ғана мүмкін деп айтылғанына ерекше назар аударды.

БҚО мектеп

Бұл орайда облыс көлемінде атқарылған ауқымды істер туралы айтып, жыл сайын білім сапасын арттыру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, жаңа білім беру нысандарының құрылысын жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Соның ішінде өткен жылы облыс бойынша 24 білім беру нысаны салынса, биыл тек қаңтар айының өзінде 2 бірдей жаңа мектеп пайдалануға беріліп отырғандығын тілге тиек етті. Олардың біреуі күні кеше Орал қаласының Деркөл шағын ауданында берілген 600 орындық мектеп болса  болса, екіншісі - 300 балаға арналған Аралтал мектебі.

БҚО мектеп

Естеріңізге салсақ, қазіргі уақытта Бөрлі ауданына қарасты Березов және Бестау ауылдары толық көшіріліп, тұрғындар жаңа тұрғын үймен және қаржылай көмекпен қамтылды. Балалар үшін арнайы жаңа балабақша мен мектеп салынды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар