Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары алғаш рет ресми саммите бас қосады. Бұл уақытқа дейін 5 елдің басшылары бейресми түрде, екі жақты, үш жақты немесе ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ шеңберінде кездесулер өткізген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі News.tj сайтының мәліметіне сүйене отырып.
Қазақстан және Өзбекстан Президенттерінің бастамасымен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласында алғашқы саммитін өткізбек.
Деректерде көрсетілгендей, алдағы уақытта өтетін бұл саммит Орталық Азия елдері арасындағы қарым-+қатынастың жаңа деңгейге көтерілуіне үлкен септігін тигізбек және де аймақтағы барлық елдердің мүдделерін қанағаттандыратын жаңа бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына түрткі болады.
«Біздің еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері барлық елдермен қарым-қатынасын жақсартып, аймақтағы барлық елдердің тығыз интеграциясын қолдап келеді. Және де ешқашан да мұндай саммиттерді елеусіз қалдырмайды», - деп мәлімдеді Тәжікстан үкіметі.
Белгілі болғандай, саммиттің нақты датасы әлі келісу сатысында тұр.
«Орталық Азия мемлекеттерінің алдында тұрған ортақ мақсат – халықтың еркін қоғалысы, капиталдың кедергісіз қозғалысы және инвестиция мен еңбек үшін өңірде қолайлы климат құру қажеттілігін талап етеді.
Ос қағиданы ескере отырып, қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін біз қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды да арттыра аламыз.
Біздің ойымызша, шығармашылық аймақтық ықпалдастық Орталық Азияның барлық мемлекеттері мен халықтарының мүдделерін бейнелейді», - деп мәлімдеді Эмомали Рахмон.
Халықаралық істер бойынша кеңес төрағасы, саясаткер Ерлан Қариннің айтуынша, Орталық Азия елдерінің басшылары соңғы 10 жылда алғаш рет бас қосайын деп отыр және де 2018 жыл Орталық Азия мемлекеттері үшін өңірлік ынтымақтастық саласындағы маңызды кезең болып табылады.
«Ағымдағы жылда Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас барлық салада дами түседі. Елдер арасындағы қарым-қатынас бұл тұрғыда қозғаушы күшке айналады», - дейді ол.
«2017 жылы Орталық Азия басшылары екі жақты кездесулерді өте көп өткізді. Бұл жылы мұндай кездесулер барлық аймақты қамтып, көп жақты форматта өтуі әбден мүмкін. 2018 жылы елдер арасындағы қарым-қатынас жаңаша форматта дамитын болады», - деп қоса айтып өтті Ерлан Қарин.
Әлемдік банк болжамына сәйкес, 2018 жылы аймақтағы экономикалық өсім 2,7%-ға жетуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Орталық Азия басшыларының жаңа кездесулері мен ресми сапарлары жоспарлануда.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев көктемнің басында Тәжікстан еліне ресми сапармен баруға дайындалып жатқандығын айтты.
«Жақында біз бірқатар келісімдерге қол қоямыз, Орталық Азиядағы бірыңғай энергетикалық жүйені қалыпқа келтіреміз, теміржолды іске қосып, басқа да мәселелерді талқылайтын боламыз», - деп мәлімдеді Шавкат Мирзиеев.