Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кетуіне кінәлі деп табылған үш жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Тергеу барысында, автобустың жанып кетуіне жүргізушілермен автокөлік құралын пайдалану және автобус салонында дәнекерлейтін (паяльная) лампыны пайдалану салдарынан өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Жинақталған нақты деректермен аталған қылмысқа автобустың барлық 3 жүргізушісінің де қатыстылығы анықталды.
24.01.2018ж. Ақтөбе уақыты бойынша сағ.22:40-та Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-б.4-б. бойынша қылмыс жасағаны бойынша күдікті ретінде автобустың барлық 3 жүргізушісі де ұсталды және Ақтөбе қ. ІІБ УҰИ орналастырылды.
Қылмыстық іс бойынша қадағалау 1-інші Қызметтің процестік прокурорлары тобына, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларына жүктелді.
Тергеп-тексеру барысы Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің бақылауында.